Қызылордалықтарды ауа райы әбігерге салды. Аяқ алып жүре алмайтын көктайғақтың кесірінен бір қатар жолдар жабылды.
Ауа райының тосын мінезі қарапайым тұрғындардың күнделікті тіршілігіне де кері әсерін тигізді. Азанғы уақытта жұмысқа асыққандар мұз қаптаған көліктерінің есігін аша алмай, әбігерге түсті. Көк мұздан аяқ алып жүрудің өзі қиын.
Десе де, Қызылорда қаласы әкімдігінің жауапты қызметкерлері көктайғақ алдын-алу және жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында үздіксіз жұмыс істеуде. Айта кету керек, әкімдіктің жұмысына риза болған жергілікті тұрғындар әлеуметтік желілер арқылы алғысын білдіріп жатыр.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!