Жұма, 27 желтоқсан, 05:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Су тапшылығын болдырмау – басты мақсат

26.11.2022

736 0

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру жоспарлары мен биылғы агроөнеркәсіп кешенін сумен қамтамасыз ету мәселелері кеңінен қаралды.

Селекторлық жиында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев баяндама жасады. Облыс әкімі Мемлекет басшысының және Үкіметтің қол­дауымен су тапшылығын төмендетуге нақты шаралар қабылданғанын жеткізді.

– Президент Сырдария өзенінің жоға­ры ағы­сында орналасқан мемлекеттермен келіс­сөз­дер жүр­гізіп, тиісті көлемде су бөлінуіне жағ­дай жасады. Үкімет резервінен 3,6 млрд теңге қаржы бөлініп, каналдар тазаланып, гидротех­ни­калық нысандар жөндеуден өткізілді. 156 дана насос қондырғысы алынып, 52 ұңғыма бұрғыланды.

Нәтижесінде егістік жерлер сумен толық қамтамасыз етіліп, табиғи мал азығымен қамтылу деңгейі жақсарып, көлдер жүйесі суландырылды. Осыған орай, Сыр жұртшылығының Мемлекет басшысына және Үкіметке алғысы шексіз, – деді Н.Нәлібаев.

Өңірде су тапшылығының алдын алу мақ­сатында биыл күріш егісінің көлемі 5 мың гектарға  қысқартылған. Ал орнына суды аз қажет ететін мал азықтық, майлы дақылдармен қатар картоп, көкөніс, бақша егісінің көлемі ұлғайған. Сонымен қатар ирригациялық жүйе­лердің техникалық жағдайын жақсартуда жерді тегістеу арқылы су пайдалану мөлшерін азайту жұмыстары жүргізілген.

Аймақ басшысы өңірде тамшылатып, суару секілді су үнемдеу тех­нологиясын қолдану арқылы 793 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілгенін айтып өтті. Бұл ретте шетелдік ғалымдармен жаңа тәсілдерді енгізу жұмыстары бастау алған.

– Бүгінде біз украиндық ғалымдармен әріптестік орнатып, тиісті жұмыстарды бастадық. Сонымен бірге 16 магистралды және шаруашылық каналдарды цифрландыру қолға алынуда. Өңірде егіс көлемінің 60 пайызын сумен қамтамасыз ететін негізгі магистралды каналға су бөлуді автоматтандыру үшін Австралияның «Рубикон» компаниясы зерттеу жұмыстарына кірісті. Аталған шараларды жүзеге асыру арқылы суды пайдалану тиімділігін арттыруға және инженерлік жүйеге келтірілген жерлерді сақтап қалып, егін саласын одан әрі дамытуға мүмкіндік жасалады, – деді облыс әкімі.

Селектордан кейін облыс әкімі Үкімет тапсырмаларын орындау бойынша жиын өткізді. Онда қала, аудан әкімдері мен басқарма басшыларына бірқатар тапсыр­ма берді. Мәселен, денсаулық сақтау басқар­масына 2025 жылға дейін салынуға жос­парланған 27 медициналық нысан бойынша жұмыстарды тиімді түрде үйлестіріп, уақы­тылы пайдалануға берілуін қам­тамасыз етуді жүктеді.

Сондай-ақ алдағы жылы егін егу мау­сы­мына дайындық шараларын алдын-ала пы­сықтауды тапсырды. Қыс мезгілінде Шардара су қоймасынан Сырдария өзеніне құйылатын суды қауіпсіз өткізу үшін қажетті шаралар жасалу керектігін айтып өтті. Арал теңізіне қажетті мөл­шерде су түсуін қамтамасыз ету үшін нақты шара­лар қабылдап, ерекше бақылауда ұстауды міндеттеді. 

А.БАТЫРБАЙҚЫЗЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: