Сенбі, 20 сәуiр, 10:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Энергетикалық сусын құрамындағы кофеин мөлшері шамадан тыс болып шықты

27.07.2022

773 0

Қазіргі таңда сауда сөрелерінде азық-түліктің сан алуан түрі самсап тұр. Бір ғана нанның мыңдаған түрі, газдандырылған судың сан түрі, тоқаштың алуан түрі көздің жауын алады. Бірақ барлығы бірдей қауіпсіз бола бермейді, сапасы сын көтермейтін тауарлар да аз емес. Бірінің өндіру технологиясы бұзылған, енді бірінің сақтау мерзімі өтіп кеткен, денсаулыққа зиянды қоспалардан дайындалған өнімдер тағы бар. Тұтынушы дастарқанына осындай ағзаға айтарлықтай зиян келтіретін тағамдардың түспеуін қамтамасыз ету үшін санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласы өнімдер қауіпсіздігін үнемі бақылауда ұстайды.

Қызылорда облысында өнімнің қауіпсіздігін мониторингілеу аясында бірінші жартыжылдықта өнімдердің 1111 сынамасы сатып алынды.  Іріктеп алынған өнімдердің басым көпшілігі, яғни 72,3%  – тағам өнімдері және 27,7% тамақ емес өнімдерінің үлесінде.

Жүргізілген сараптамалар нәтижесімен сатып алынған барлық өнімдердің 86 үлгісі техникалық регламенттер талаптарына сай келмеді. Атап айтқанда, микробиологиялық көрсеткіш бойынша-14, физикалық-химиялық көрсеткіш бойынша-6, таңбалануы бойынша-60 сәйкессіздік анықталды.

Ішек таяқшалары тобының бактериялары ет өнімдерінің жартылай фабрикаттарынан анықталды. Сондықтан ет өнімдерін, құс етін тұтынар алдында мұқият тазалап, термиялық өңдеуден өткізіп барып пайдалануға кеңес береміз.

Физикалық-химиялық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздіктер кілегейлі май, ультрапастерленген сүтте анықталды, яғни май қышқылдарының массалық үлесінің қосынды пайызы бойынша техникалық регламенттер талаптарына сай болмай шықты. Сондай-ақ газдалған сергітетін энергетикалық сусын құрамындағы кофеин нормадан тыс екендігі анықталды. Бұдан бөлек, ет өнімдерінің жартылай фабрикаттарындағы ылғалдылық көрсеткіштері де шамадан тыс болып шықты.

Анықталған сәйкессіздіктердің көпшілігі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерде өндірілген – 68 сәйкессіздік. Ал, қалған 18-і отандық өнімдердің үдесінде.  

Кеден Одағының техникалық регламенттері талаптарына сәйкес келмеген өнімдер бойынша 31 сауда объектісіне ҚР-ның  халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасының талаптарын бұзуды жою жөніндегі нұсқамалар берілді.  Тексерулер нәтижесімен ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 425 баптың 1 бөлімі бойынша  2 нысанға жалпы соммасы 91890 теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар, техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмеген  жалпы құны 17290 теңгені құрайтын 8,62кг тағам  өнімдері сатылымнан алынып тасталды.

Қызылорда облыстық санитариялық эпидемиологиялық басқармасының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: