Жексенбі, 24 қараша, 19:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Төтенше жағдайдың алдын алу маңызды

24.04.2023

576 0

2023 жылдың І тоқсаны бойынша Қызылорда қаласы аумағында 45 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай тіркелген.

Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Жасұлан Түйменов толық мәлімет беріп өтті.

«Жыл көлемінде жүргізілген профилактикалық жұмыстарға қарамастан қала көлемінде 44 өрт оқиғасы орын алды. Өрттің басым көпшілігі, яғни 20 өрт оқиғасы тұрғын үй секторында, 19 өрт оқиғасы автокөлікте орын алған. Ал, улы газдан уланудың алдын алу мақсатында жылу беру маусымында тұрмысы төмен осал топ санатына жататын тұрғын үйлерге 469 дана көмір қышқыл газын анықтайтын «Газосигнализатор» құрылғысы орнатылды. Кез келген төтенше жағдайды болдырмау үшін қала тұрғындарын сақтық шараларын күшейтуге шақырамыз», – деді басқарма бастығы Жасұлан Қалдыбайұлы.

Бұдан бөлек, қалада терезеден құлау дерегі азаймай тұр. Мәселен, биыл балалардың ата-анасының қарауынсыз қалуынан, қорғағыш торлардың дұрыс бекітілмеуінен балалардың терезеден құлау оқиғасының 1 фактісі тіркеліп, әр түрлі жарақатпен емдеу мекесіне жатқызылды.

Сонымен қатар, суға шомылу маусымында су айдындарында жазатайым оқиғалар жиі орын алады. Бұл көбіне тұрғындардың тыйым салынған орындарда шомылуынан, су қоймаларының жанында алкоголь ішуінен және балаларды қараусыз қалдыруынан болады.

Айта кету керек, төтенше жағдай қаупі орын алған жағдайда қала аумағында 25 дана «Баршаның назарына!» құлақтандыру сигналы орнатылған. Қазіргі таңда құрылғының жарамдылығы әр айдың бірінші онкүндігінде тексеріледі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: