Сейсенбі, 28 мамыр, 09:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№41 – 2051
25.05.2024
PDF мұрағаты

11-сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсаған

14.05.2024

401 0

Сурет:Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

11-сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсап көз жұмды. Оқиға Шымкентте орын алған, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Оқиға 12 мамырда жасөспірімнің өз үйінде болған. Білім басқармасының мәліметіне сүйенсек, оқушы белсенді, үлгерімі жақсы болған. Тәртібіне қатысты есепте тұрмаған.

«2024 жылы 12 мамырда 11-сынып оқушысы өз үйінде, жеке бөлмесінде өз-өзіне қол жұмсап қайтыс болғаны анықталды. Мектеп әкімшілігінің мәліметіне сәйкес, марқұм ешкіммен ұрсысып, дауласпаған. Оқу үлгерімі жақсы, белсенді оқушы болған. Мектепішілік есепте тұрмаған. Бұл жайтқа қатысты құзырлы орган өкілдері тергеу жүргізіп жатыр», – деп жазылған Шымкент қаласы білім басқармасының баспасөз қызметі хабарламасында.

Қайғылы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

«Осы жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – деп мәлімдеді Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі өкілі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: