Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

2 жасар баланың қолы еттартқышта қалып қойған

16.09.2023

771 0

Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, құтқарушыларды жедел жәрдем қызметкерлері шақыртқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

«Оқиға орнына жеткен жедел әрекет ету тобы екі жасар баланың қолын электрлі еттартқыш шайнап тастағанын анықтады. Аға фельдшер Сержан Сәбденов, фельдшер Нұрғали Ташкенбаев және құтқарушы Жанболат Омаров алғашқы медициналық көмекті көрсетті. Оң қолының көптеген жері сынған бала Абай ауылының орталық аудандық ауруханасына жатқызылды», – деп хабарлады Шымкент ТЖД.

Ресми ақпаратқа сәйкес, баланың қолын механизмнен шығару үшін жедел әрекет ету бригадасы апатты-құтқару жабдығын пайдаланды. Ол кезде бала наркозда болған.

Қазіргі таңда баланың жансақтау бөлімінде екені нақтыланды.

Төтеншеліктер ата-аналардан кішкентай балаларына мұқият қарап, абай болуды ескертеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: