Бейсенбі, 05 қазан, 03:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№78 (1985)
03.10.2023
PDF мұрағаты

Сыр спортшылары дзюдо спартакиадасында үздік атанды

02.06.2023

995 0

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ КОМАНДАСЫ ДЗЮДО СПАРТАКИАДАСЫНДА ҮЗДІК АТАНДЫ

Тараз қаласында Қазақстан Республикасының VI жазғы спартакиадасы бағдарламасындағы дзюдодан өткен жарыста Сыр елінің спортшылары командалық есепте чемпион атанды.

Спартакиадаға 14 қызылордалық қатысты. Оның ішінде үш алтын медальді 60 келі салмақтағы Мағжан Шамшадин, 66 келідегі Әділбек Берікұлы, 100 келідегі Шархан Нұрлыхан алды. Бір күмісті 81 келі салмақтағы Жұбаназар Абылайхан иеленсе, 48 келідегі Жанерке Асқарова, 57 келідегі Мұхамбет Дина, 78 келідегі Бисембай Әсел үшінші орынға шықты.

Жарыс қорытындысында сырбойылықтар үздік нәтиже көрсетіп, командалық есепте бірінші орын иеленді.

Айта кетейік, спартакиада әрі қарай еліміздің басқа қалаларында жалғасын таппақ.

Тағы да оқыңыз: