Сейсенбі, 24 желтоқсан, 05:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

21 тамызға арналған жұлдыз жорамал

21.08.2023

551 0

Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Жұлдыз жорамал: Тоқтыларды бүгін не күтіп тұр? Сүйіктіңіз бар болса, оған сезіміңізді білдіріңіз. Күйзеліспен қалай күресуге болатынын ойланыңыз, өйткені ол сіздің көңіл-күйіңізге әсер етеді. Көбірек ұйықтауға, аз тамақтануға, әр кеш сайын серуендеуге және жаттығуға тырысыңыз. Уақыт өте келе бәрі оңалады.

Жұлдыз жорамал: Торпақтарды бүгін не күтіп тұр? Денсаулығыңызды күтіңіз, демалыс күнін ұйымдастырыңыз. Хош иісті майлар қосылған ванна қабылдаңыз, SPA процедураларын жасаңыз, йогамен айналысыңыз. Жұбыңызбен қарым-қатынасыңызды сарапқа салыңыз, салмақтап өлшеңіз. Бәлкім, сіздің жақындағы әрекетіңіз дұрыс болмаған болар? Сол үшін кешірім сұрау да артық етпейді.

Жұлдыз жорамал: Егіздерді бүгін не күтіп тұр? Сізді ұзақ жылдар бойы қолдаған достарыңызды бағалаңыз және олардың ескі кемшіліктеріне көз жұма қараңыз. Сән қумаңыз, өз стиліңізді сезініңіз, бұл сізге керемет көрінуге және бір айдан кейін-ақ сәннен шығып қалатын трендтік заттарды сатып алмай, ақшаңызды үнемдеуге мүмкіндік береді.

Жұлдыз жорамал: Шаяндарды бүгін не күтіп тұр? Сіз қиындықтарға тап боласыз, бірақ оларды абыроймен жеңе аласыз. Достар көмектеседі. Қателіктерді болдырмау үшін олардың кеңестерін тыңдаңыз. Өзіңізді алаңдататын ойлардан алшақтататын күн тәртібін жасаңыз: серуендеу, жаттығу, үй жинау, жатар алдында ванна қабылдау – мұның бәрі өзіңізді жеңіл сезінуге мүмкіндік береді.

Жұлдыз жорамал: Арыстандарды бүгін не күтіп тұр? Бейтаныс адамдармен сөйлескенде сақ болуды балаға жастайынан үйрету керек. Бүгін де дәл осыны ескертетін күн. Бала өзінің жеке шекарасын қорғауды кішкентайынан біліп жүруге тиіс. Шығармашылыққа немесе ұзақ уақыт бойы тұралап тұрған бизнеске артық күш-қуатыңызды жұмсаңыз. Бұл күні бәрі ойдағыдай болады.

Жұлдыз жорамал: Бикештерді бүгін не күтіп тұр? Достарыңыздың денсаулығына қамқорлық жасаңыз: бәлкім олардың бірінің денсаулығында кінәрат бар және дәрігерге бару үшін немесе өзіне көмектесер жақсы маман іздеу үшін оған сіздің көмегіңіз қажет болуы мүмкін. Егер сіз күніңізді дұрыс жоспарласаңыз, оның нәтижелі болатыны сөзсіз. Демалыс пен уақытты ерігіп өткізуді кейінге қалдырыңыз.

Жұлдыз жорамал: Таразыларды бүгін не күтіп тұр? Кешті отбасыңызға арнап, барлығына махаббат пен қамқорлық сыйлаңыз. Жақындарыңыз сіздің оларға көңіл бөлгеніңізді қалайды. Қарым-қатынаста ашық диалог құру бүгінгі күні әсіресе маңызды болмақ. Сырыңызды ақтарудан қорықпаңыз, сонда ғана серігіңіз ашылады.

Жұлдыз жорамал: Сарышаяндарды бүгін не күтіп тұр? Жоспарлы тексеруге уақыт бөліңіз, бұл денсаулыққа қатысты елеулі проблемаларды болдырмаудың алдын алады. Бұл күні асықпау маңызды. Тіпті қарапайым тапсырмалардың өзіне көп күш жұмсайсыз.

Жұлдыз жорамал: Мергендерді бүгін не күтіп тұр? Жаңа затты сатып алмас бұрын, оны гардеробыңыздан немен біріктіруге болатынын ойлаңыз. Бұл сізді қажетсіз сатып алулардан құтқарады және ақшаны үнемдеуге көмектеседі. Көңіл көтеру үшін косметикалық лайфхак қолданып көріңіз: сіз макияжға жұмсайтын уақытты айтарлықтай азайтудың жолын таба аласыз.

Жұлдыз жорамал: Тауешкілерді бүгін не күтіп тұр? Жайлы зонаңыздан шығыңыз. Бұл кез келген кедергілерді жеңуге көмектеседі. Күннің бастапқы кезеңі жайлы және тыныш болады, бірақ уақыт өте келе біраз түсінбестіктер орын алады. Ауқымды іс-шараны ұйымдастыруды, мәселен ірі келісімшарт жасасуды немесе мінезі қиын клиентпен келіссөздер жүргізуді өз мойныңызға алыңыз.

Жұлдыз жорамал: Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр? Теріңіздің күйіне назар аударыңыз. Мүмкін сізге оның күтіміне өзгеріс енгізу керек шығар. Жұмыстан және үй шаруасынан кейінгі күйзелісті жеңілдету үшін күнді медитациямен немесе жылы ваннамен аяқтаңыз.

Жұлдыз жорамал: Балықтарды бүгін не күтіп тұр? Құмар ойынын ойнаушылар арбалудан аулақ болуы керек. Шаршасаңыз, демалыңыз. Жұмысыңызды тоқтатып, кідіріс жасаңыз. Бұл денсаулықты бірқалыпты ұстауға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі: kaz.nur.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: