Сенбі, 21 желтоқсан, 21:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Дизель тәуліктік лимитпен сатылуы мүмкін

04.08.2022

968 0

Дизель отынын сатып алуға тәуліктік лимит қойылуы мүмкін. Энергетика министрлігі осындай ұсыныс енгізген бұйрық жобасын ашық талқыға шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ішкі нарықтағы теңгерімді сақтау, сондай-ақ шекара маңындағы елдерге дизель отыны ағындарының тәуекелдерін барынша азайту мақсатында тәуліктік лимит белгілеу ұсынылады. Лимиттен жоғары мөлшердегі дизель отыны үшін сараланған баға белгіленеді. Argus деректеріне сәйкес, ЕАЭО-ға мүше елдердегі Каспий нарығы 01.08.2022 жылғы жағдай бойынша дизель отынының бағасы мынадай: Армения – литріне 758 теңге; Ресей – литріне 446 теңге; Қырғызстан – литріне 412 теңге; Беларусь – литріне 446 теңге. Осының негізінде дизель отынына лимиттен жоғары сату жағдайлары үшін ЕАЭО-ға мүше елдер арасындағы орташа баға деңгейінде литріне – 450 теңге етіп белгілеу ұсынылады», – деп көрсетілген өзгеріс енгізілгелі отырған құжатта. Осыған сәйкес, енді Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Абай облыстарының азаматтары жеңіл көліктерге 1 тәулікте 100 литрге дейін дизель сатып алса, онда оның бағасы 260 теңге болады. Сонымен қатар, тұрғындар дизель сатып алу барысында жеке куәлігін көрсетуі қажет. Ал, аталған өңірлерде жүк көліктері үшін тәуліктік лимит – 300 литр. Одан көп сатып алатын болса, онда литріне барлық көлік 450 теңге төлейді. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Маңғыстау, Жетісу және Ұлытау облыстарында 1 тәулікте 100 литрге дейін дизель сатып алатын адам әр литріне 230 теңге төлейді. Жүк көліктеріне осы құн қойылады. Бірақ олар 230 теңгеден 300 литрге дейінгі көлемдегі дизельді ала алады. Белгіленген лимиттен көп мөлшердегі дизел отыны үшін әр литріне 450 теңге төлеу қажет. Еске сала кетейік, кеше Энергетика министрі Болат Ақшолақов күзде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге арналған дизель отынының бағасы қымбаттайтынын мәлімдеген еді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: