Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

4 күндік жұмыс аптасы қалай енгізіледі – бас еңбек инспекторы түсіндірді

21.10.2022

923 0

 Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов 4 күндік жұмыс аптасын енгізу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төрт күндік жұмыс аптасын енгізу мүмкіндік беретін құжатты әзірлеген болатын. Осы бастама келесі жылдан бастап енгізіледі деген жоспар бар.

Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұловтың айтуынша, төрт күндік жұмыс аптасы өзара келісіммен енгізіледі. Себебі бүгінде жұмыс беруші мен жұмысшының арасындағы қарым-қатынас еңбек шартымен рәсімделеді.

«Мысалы, бірінші аптада 4 күн болады, екінші аптада – 5, үшінші аптада 6 жұмыс күні, ал төртінгі аптада қайтадан 4 күн істеуге болады. Басты талап, жалпы жұмыс уақыты есептік кезеңнен аспау тиіс. Бұл – Еңбек кодексінің талабы», – деді Оспанқұлов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, жұмыс беруші мен жұмысшы басқа мәселелерді де талқылап, еңбек шартына енгізе алады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: