Жұма, 29 наурыз, 12:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Облыс әкімі кеңейтілген жиында өңірді дамытудың мәселелерін жан-жақты қарады

17.04.2022

502 0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму жағдайына арналған кеңейтілген жиын өткізді. Отырысқа облыстық мәслихат хатшысы, облыс әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдері мен департамент және барлық басқарма басшылары қатысты.

Жиында әкім орынбасарлары өздері жетекшілік ететін салалардағы негізгі басымдыққа ие бағыттар бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады.

Облыс әкімі өңірдің негізгі макроэкономикалық даму көрсеткіштерінің басым көпшілігі республикалық деңгейдегі орташа көрсеткіштен төмен екенін ескертті және инвестицияларды тарту жұмысын тез арада күшейтуді тапсырды.

Жиында өндірісті дамыту, шағын және орта бизнесті көбейту, инвестицияларды тарту бағытында атқарылған жұмыстарға талдау жүргізді. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы және жер дауы мәселелері де шет қалмады. Яғни шаруа қожалықтарына бөлінетін инвестициялық субсидиялардың жымқырылғанын және бірнеше ауылдық елді мекенінде жер даулары орын алғанын айтып, осы мәселелерді бақылауға алуды тапсырды. Мұнан бөлек, әлеуметтік маңызды тауарлар құнының қолжетімді болуы мен қоймаларда жеткілікті қорының қамтамасыз етуін міндеттеді.

Мұнан өзге энергетика саласында инфрақұрылымдық желілердің тозу деңгейін саралап, келер жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын осы кезден бастауды тапсырды. Сондай-ақ, қаладағы басқарудың жаңа формасына өтетін 575 көпқабатты үйлердің дайындық тиісті деңгейде жүргізілмегенін айтып, оларды кондоминиум нысаны ретінде тіркеу жұмыстарын күшейтуді міндеттеді.

Кеңейтілген жиында білім, денсаулық, жұмыспен қамту салаларындағы өзекті бағыттар ашық талқыланды. Нұрлыбек Нәлібаев ана мен бала өлімін азайту, жаңа мектептер салу, нақты жұмыс орындарын құру бағытында кешенді талдау жүргізіп, ұсыныстар даярлауды қатаң тапсырды.
Сондай-ақ, аймақтың қоғамдық-саяси ахуалы мәселесін саралаған өңір басшысы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымы аясында қоғаммен сындарлы диалог орнатуға дайын болуды және әлеуметтік шиеліністі болдырмауға қажетті жұмыстарды күшейтуді жүктеді.

Жиын соңында Нұрлыбек Нәлібаев мемлекеттік аппаратты оңтайлы және тиімді ету мақсатында бағыттас басқармаларды біріктіріп, 24 басқармадан 8-ін қысқартып, облыс әкімдігінің құрылымында 16 басқарма қалатынын жеткізді.
Сондай-ақ, бұдан әрі облыс әкімінің штаттағы және штаттан тыс кеңесші лауазымдары болмайды. Аймақ басшысы «біздің кеңесшіміз –халық!», – деді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: