Сәрсенбі, 18 желтоқсан, 12:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№99 (2109)
14.12.2024
PDF мұрағаты

4 миллиард теңге шығын келген: Қазақстанда мұнай өнімдерінің заңсыз айналымына қатысты 35 қылмыстық іс қозғалды

01.08.2022

1489 0

Қазақстанда жыл басынан бері 4 млрд теңгеге жалпы көлемі 20 мың тонна мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы фактілері бойынша 35 қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді. 

“Мысалы, Жамбыл облысында Қырғызстанға экспорттамақ болған кезде АИ-92 маркалы бензині бар бес теміржол цистернасы ұсталды. Құжаттарда басқа өнім, яғни лак кетіретін еріткіш көрсетілген. Тәркіленген жанар-жағармайдың жалпы сомасы шамамен 60 миллион теңгені құрады. Павлодар облысында органикалық еріткіш деген жалған атаумен Ресей Федерациясына экспорттамақ болған дизель отыны бар төрт теміржол цистернасы ұсталды. Сондай-ақ Павлодар облысында ЖШС директоры растайтын құжаттарсыз 660 тоннадан астам азотты 76 миллион теңгеге сатқан”, – делінген хабарламада. 

ҚМА хабарлауынша, анықталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында жанар-жағармайдың шығу көздері мен оның айналымына қатысы бар тұлғалар анықталуда. Өңірлерде шекара қызметі және мемлекеттік кіріс органдарымен өзара іс-қимыл жолға қойылып, бірлескен жұмыс жоспарларына қол қойылды. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: