Халықаралық әйелдер күніне орай қосымша вагондар қосылады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ хабарлайды, – деп хабарлайды kursiv.media
«Жолаушылар тасымалы» АҚ 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында солтүстік, оңтүстік және батыс өңірлерде, сондай-ақ, қала маңы бағыттарында қосымша тіркемелі вагондар тағайындайды», – деп жазылған хабарламада.
Жалпы 122 вагон қосылады, олар 6 мыңға жуық жолаушыны тасымалдайды. Қосымша вагондар Астанадан Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Өскемен және өзге де қалаларға қатынайтын сұранысы жоғары бағыттарға енгізіледі.
Билеттерді комиссиясыз bilet.railways.kz ресми сайтынан және «Жолаушылар тасымалы» АҚ кассаларынан сатып алуға болады. Қосымша ақпаратты 1433 байланыс орталығына хабарласып ала аласыз.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
