Бейсенбі, 26 желтоқсан, 16:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Әлем неге TikTok-тан қашуда?

11.05.2023

1277 0

Қоғамды алаңдатып отырған мәселенің бірі – жасөспірімдер арасындағы төбелес. Мұндай қатыгездік олардың бойына қалай сіңген? Үлкендер неден қателесті? Ата-аналар өз балаларының жүріс-тұрысын, мінез-құлқын бақыламаған ба? Білім мекемелеріндегі тәрбие жұмысы ақсап жатыр ма? Осындайда ойға әртүрлі сауал келіп, жанды мазалайды. Балғожа би өз заманында «Үміт еткен көзімнің нұры балам, Жаныңа жәрдем берсін Хақ Тағалам» деп тебіренген екен.

Үміт еткен балаларымыз мектеп қабырғасында жүріп-ақ  қылмысқа барып жатыр. 

Мәселен, Түркістан облысының полицейлері 9 сәуірде Ордабасы ауданындағы суару каналынан мәйіті табылған қызды өлтірді деген күдікке ілінген адамды анықтаған. Күдікті – 11 сынып оқушысы. Ол полиция бөліміне жеткізіліп, қамауға алынған. Аталған жайтқа байланысты ҚР ҚК-нің  99-бабы 2-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Өскемендегі сауда үйінің әжетханасында кәме­леттік жасқа толмаған қыздардың бұзақылығы қоғамда қызу талқыға түсіпті. Қызылордадағы жағдай да елге белгілі.

Мұны қалай шектейміз? Психологтар да қазір жүйкесі сыр берген жасөспірімдер көп екенін айтуда. Мүмкін ғаламторда көрсетіліп жатқан қанқұйлы ойындар мен сериалдар жас баланы өшпенділікке, жауыздыққа баулып жатқан болар.  Әлеуметтік желіде бесіктен белі шықпаған, әлі ой-өрісі дамымаған балалар да отырады.  Әсіресе тик-ток қиын болып тұр. Қазір тик-токқа кейбір елдер тыйым сала бастады.

Қытайда балалардың қолдануына белгілі шек­теулер қойылды. Яғни, енді бұл елде бір күнде балалар тик-токты таңғы 6 мен кешкі 22 аралығында 40 минут қана қолдана алады.

АҚШ-та тик-токты бұғаттау керек деген пікір айтылуда.

Ал дәрігерлер болса соңғы бес жылда көз аурулары 25%-ға артқанын, бұған басты себеп – бүл­діршіндердің ұзақ уақыт телефонға телміруі дейді. Әсіресе, видео контенттердің тигізер зияны көп. Осыны ескерген TikTok желісі балаларға шектеу қоятынын мәлімдеді. Яғни енді 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер желіде күніне 60 минут қана отыра алады.

Роза Әбілдаева, қала тұрғыны: Мектепке апарамын, өзім сабақ біткесін алып келемін. Одан үйірмеге қатыстырамын. Телефон қарауға уақыт таба алмайды. Солай жасамасақ әлі жетілмеген бала тик-токтағы жамандықтарға арбалып қалуы мүмкін.

Роман Аман, IT маманы: Қазақ тіліндегі сапалы контент өте аз. Еліміздің мәдениетін, тарихын, ғылым-білімін насихаттайтын сапалы дүниелер жасасақ жақсы болар еді. Ал теріс контентке шектеу қойсақ мәселе шешімін табады.

Жадыра Садықова, ұстаз: Қазір балалар өте ашушаң болып кеткен. Мектепте қолдарында бір-бір телефон. Сабақты тыңдамайды. Тіпті ұстаз бірдеңе десе, онымен төбелесуге бар. Оқу жылы аяқталуға жақын. Олар сабаққа дайындалуы керек. Бірақ арбалғаны – тик-ток, әлем желі мұғалімнің сөзі желге ұшып жатыр. Жасөспірімдердің топтық төбелесі де осы тик-токтағы қанқұйлы видиоларды көп көргенінен деп ойлаймын. Олар өте еліктегіш келеді. Сондықтан ғаламтордан шектеу өте дұрыс қадам деп ойлаймын.

Дәрігерлер  смартфон көп қарайтын, тик-токтағы қысқа видеоны көп көретін баланың ойлау қабілеті дамымайтынын айтып, дабыл қағуда. Пайдалы ақпарат алуға балаларға бір сағат та жеткілікті.

Көз дәрігерлері де смартфонның кесірінен соңғы бес жылда бүлдіршіндер арасында көз аурулары жиілей бастағанын айтады. Бұл  платформаны бүгінде әлемнің 150-ден аса елінде пайдаланады. Бірнеше ел оны қолдануға тыйым салды. 1 млрд-тан аса адам телефонына жүктеген. Бұл – жедел дамып  жатқандығының көрінісі.

Болашақта осындай зиянды әрекеттерді ескеріп Тик-Ток 18 жасқа дейінгі балалар үшін уақытты шектейтін жаңа функция енгізбек. Енді егер бала 1 сағаттан артық желіде отырса, ата-анасының рұқсаты қажет. Ал 13 жасқа дейінгі балалар ата-анасы құпия сөзді теріп, 30 минут отыруына мүмкіндік бар. Тик-ток бұл лимитті жақын арада енгізуді жоспарлап отыр.

Осындай тәртіп болмаса, тик-токта  түрлі жарнамалар да қаптап жүр. Тіпті онда ерлер мен әйелдер арасындағы құпия болуы тиіс қарым-қатынасты да жарнамалайды. Же­ліні пайдаланушылар арасында да жауапкершілік болған дұрыс деп ойлаймыз. Біз мұндай бейәдеп әрекетке бастайтын әлеуметтік желідегі бейнежазбалардан осын­дай шектеу болғанда  ғана  баланы қорғай аламыз. Кәме­леттік жасқа толмаған баланың санасын улап жатқанымыз дұрыс па? Бұл – қолдан жасалған қиянат. Бала бізге Алладан берілген аманат болса, аманатқа қиянат жа­самағанымыз жөн. Сон­дық­тан балаларымызға абай болайық, ағайын!

Гауһар ҚОЖАХМЕТОВА

Сурет: winudf.com

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: