Сенбі, 23 қараша, 20:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

«Ағайынды 11 адам суға батып кетті»: Тойдан кейін өзен жағасына барып демалмақ болған

22.08.2023

835 0

Түркістан облысының әкімдігі Сырдария өзенінде 11 адамның өмірін қиған қайғылы оқиғаның мән-жайын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі 21 тамыз күні сағат 18:00 шамасында тұрғындардан адамдардың суға батып кеткені туралы хабарлама түскенін жеткізді. Суға түсуге келген 20 адамның 11-і суға батып кеткен. Бес бала мен алты ересек адам.

«Олар бір әулеттің мүшелері. Тегі бір адамдар. Ол жерде бірнеше ағайынды мен олардың балалары болған. Туыстарының айтуынша, олар тойдан кейін өзен жағасына барып демалуды шешкен. Ол жақта жағалау тайғақ және терең болғандықтан біреуі сүрініп кетіп суға бата бастаған. Басқалары оны шығарып алмақ болып,  бірге суға батып кеткен. Олар тіпті жүзіп те үлгермеген, барлығы киімде болған. Бұл жер суға түсуге арналмаған. Олар су жиегін жағалап жүріп, құлап кеткен болуы мүмкін», – деді Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта судан сегіз адамның мәйіті шығарылды, қалғандарын іздеу жұмыстары жалғасуда. Оқиға орнына облыстық төтенше жағдайлар департаменті жанынан жедел штаб құрылып, Отырар ауданы әкімдігінің, облыстық төтенше жағдайлар, орман шаруашылығы басқармасының қызметкерлері мен еріктілер жіберіліп, олар дереу іздестіру жұмыстарына кірісті.

Іздестіру шараларына барлығы 144 бригада, 16 техника және алты жүзу нысаны жұмылдырылған. Бұл мәселе аймақ басшысы Дархан Амангелдіұлының тікелей бақылауында.

Қайғылы оқиға орнында облыс әкімінің орынбасары болды. Сондай-ақ олар қаза тапқандардың үйлеріне барып, жақындарына көңіл айтты. Оларға тиісті көмек көрсетіледі.

Еске сала кетейік, 21 тамыз күні түнде Түркістан облысындағы Сырдария өзеніндегі көпір маңында бірден 11 адамның суға батып кеткені белгілі болды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: