Сенбі, 30 қараша, 11:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№95-2105
30.11.2024
PDF мұрағаты

Аймақ басшысы Қармақшы ауданы тұрғындарын қабылдады

04.11.2022

1122 0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың құқық қорғау органдарының басшыларымен бірге тұрғындарға арнап жеке қабылдау өткізу бастамасы Қармақшы ауданында жалғасын тапты. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатына сай өткен әрбір жеке қабылдауға аудан орталығынан бөлек, ауыл-ауылдан келіп, мәселесін жеткізетін тұрғындар аз емес. 

Аудандық Мәдениет үйінде өткен жеке қабылдауға облыстық сот төрағасы Әділхады Шығамбаев, облыс прокуроры Нұрлан Бижанов, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментінің бастығы Болат Қалмырзаев, облыстық полиция департаментінің бастығы Мұхтар Қожабаев, облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Бақыт Қайшыбеков келді. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті басшысының міндетін атқарушы Серікжан Мырзалы және мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ғани Аманов қатысты.

Қабылдауда барлығы 77 азамат өз мәселесін жеткізуге келді. Оның ішінде облыс әкіміне 26 тұрғын сауалын жолдап, өтінішін білдірді. Жеке қабылдауға келген азаматтар әлеуметтік көмек көрсететін ғимараттарға жөндеу жұмыстарын жүргізу, жайылымдық алқапты суару, тұрғын үй алу, денсаулық жағдайына байланысты медициналық көмек алу мәселелерін сұрады.

Мәселен, зейнет жасындағы азамат, Жосалы кентінің тұрғыны облыс орталығына қатынайтын қоғамдық көлік мәселесін көтерсе, тағы бір азаматша ІІ топ мүгедектігі бар студент баласына тұрғын үй берілуін сұрайды.

– Хабарландыруды естіп, аймақ басшысына өз мәселемді жеткізейін деп келдім. Ауданнан Қызылорда қаласына қатынайтын такси қызметіне жеткілікті деңгейде көңіл бөлінсе деген ұсынысымды айттым. Облыс әкімі тыңдап, мәселемнің шешімі бар екенін жеткізді, – деді тұрғын Қуанышбек Туреев.

– Облыс әкімінің біздің ауданда қабылдау өткізетінін алдын ала білген соң, ІІ топ мүгедектігі бар студент балама баспана сұрай келдім. Әрине, бір сәтте шешімін таппаса да, мәселемді мұқият тыңдап, шешілу жағын қарастыруды тапсырғаны үшін аналық алғысымды білдіремін,- Бақыт Төребаева.

Аймақ басшысы әрбір мәселені сала мамандарымен бірге мұқият зерделеп, заңдылығына қарай шешім қабылданатынын жеткізді және жауапты басқарма басшыларына нақты тапсырма берді.

Құқық қорғау органдарының басшыларына 51 азамат өз мәселесін жеткізіп, заң аясында тиісті түсіндірме алды.

– Бұрын мәселемізді айту үшін аудан орталығына, облысқа баруға тура келетін. Басшылардың өздері бізге келіп, мәселемізді тыңдауы қуантты. Департамент басшысы Бақыт Қайшыбековке бірқатар сұрақтарым бар еді. Шынын айтқанда, сауалыма сол сәтте нақты жауап алғаныма қуанамын, – деді Жұпаргүл Бердібаева.

– Заңдық түсініктеме алу үшін облыс прокурорына келген едім. Бірнеше мәселем жауапсыз қалмады. Бастысы, емін-еркін кіруге мүмкіндік туды,-деді ауыл тұрғыны Рахат Бақытжан.

Сондай-ақ, сапар барысында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Президент Жарлығы аясында тұрғындармен кездесіп, сұрақтарына жауап берді.

Еске салу керек, Нұрлыбек Нәлібаев өңір басшысы болып келген сәттен бері 24 рет қабылдау өткізіп, 400-ге жуық азаматтың мәселесін саралады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: