Жексенбі, 22 желтоқсан, 21:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Алматы «сары аймақта»: Қалада қандай шектеулер енгізіледі?

05.07.2022

605 0

Бұл туралы санитария-эпидемиология бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтана мәлімдеді.

Алматы қаласы коронавирус жұқтыру көрсеткішінің күрт артуы салдарынан «сары аймаққа» өтті. Бұл туралы санитария-эпидемиология бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтана мәлімдеді деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ержан Байтананың айтуынша, қалада карантиндік шектеулер енгізіледі.

«Қазір Алматы қаласының бас санитария дәрігері қаулы дайындап жатыр. Барлық тұрғындарды екпе алуға, ревакцинациядан өтуге шағырамыз. Өйткені, коронавирус жұқтырып, ауруханаға түсіп жатқандардың 80 пайызы – мүлдем екпе алмаған және соңғы алты айдың ішінде вакцинаның үшінші дозасын салдырмаған азаматтар», – деді Санитария-эпидемиология бақылау комитетінің ресми өкілі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия өңірлер эпидемиологиялық қауіп-қатердің сары аймағына көшкен жағдайда мынадай шараларды қабылдау керек екені туралы шешім қабылданған еді:

  • Науқаспен тығыз қарым-қатынаста болғандарды қашықтан жұмыс істеу форматына көшіру;
  • екпе салдыруға болмайтын қызметкерлер мен жүкті әйелдерді қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстыру;
  • жабық жерлер мен қоғамдық көліктерде міндетті түрде маска тағу;
  • 10-нан аса адам қатысатын жиналыстарды онлайн форматта өткізуді ұсыну.

СН.КЗ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: