Жұма, 14 маусым, 16:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№46-2056
11.06.2024
PDF мұрағаты

Алматыда 13 жасар баланы атып кеткен қылмыскер іздестірілуде

05.05.2024

447 0

Фото: stan.kz

Алматы облыстық ауруханасына оқ жарақатымен жеткіншек түсті. Бақытымызға орай, дәрігерлер баланың өмірін аман алып қалды. Полицейлер сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқиға 16 сәуірде болған. 13 жасар бала оқ тиген уақытта  үйінің жанындағы көл жағасында ойнап жүрген.

«Дәрігерлер балаға операция жасап, денеден оқты алып тастады. Оқ оң жақтағы кеуде қуысы арқылы өтіп, өкпенің тіндерін зақымдап, иық пышағының төменгі полюсінің проекциясында қабырға аралыққа жабысып қалған. Нақты және жедел әрекет еткен дәрігерлердің арқасында кішкентай баланың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік туды», – делінген хабарламада.

Полиция оқиғаның Іле ауданында болғанын хабарлады. Қазіргі уақытта аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

«Оқтың пневматикалық қарудан атылғаны анықталды. Барлық қажетті сараптамалық зерттеулер тағайындалды. Тергеу жалғасуда», – делінген хабарламада. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: