Сенбі, 20 сәуiр, 04:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Алматылықтарға 5 миллион теңге ұтып алу мүмкіндігі берілді

05.09.2021

659 0

Бұл туралы Алматы әкімі өзінің Twitter-дегі парақшасында айтты.

«Қала күні қарсаңында аула аумағын үздік көгалдандыру байқауының басталғаны туралы хабарланды. Тұрғын үй иелері бірлестіктерінің өкілдері, сондай-ақ қала тұрғындары ecovid.kz сайтында өтінім бере алады. Жеңімпаз 5 миллион теңге алады», – деп жазды әкім.

Өтініштер 3-15 қыркүйек аралығында қабылданады. 

Бағалау кезінде абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарының мәдени-эстетикалық және іс жүзіндегі пайдасы, жаңашылдығы мен әдісі ескеріледі.

  • Гран-при – бес миллион теңгенің сертификаты аула территорясын көғалдандыру мен қажетті құралдарға беріледі. 
  • 8 аудан бойынша бірінші орын алғандарға – бір миллион теңгеден беріледі;
  • 8 аудан бойынша екінші орын алғандарға – 500 мың теңге сыйақы қарастырылған;
  • 8 аудан бойынша үшінші орын алғандарға – бау-бақша құралдары табысталады.

Байқаудың толық шартымен мына жерде таныса аласыз. 

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда қала күні қыркүйектің үшінші жексенбісінде аталып өтеді. Биыл ол дата 19 қыркүйекке түсіп тұр. 

Спутник Жаңалықтары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: