Сәрсенбі, 08 қаңтар, 20:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№1-(2114)
07.01.2025
PDF мұрағаты

Ақтаудағы ұшақ апаты: Астанаға қара жәшіктен алынған материалдар жеткізілмек

07.01.2025

181 0

Фото: ТЖМ

Көлік министрлігі апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшігіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанға жеткізілгеннен кейін сарапшылар борттық өздігінен жазғыштардан алынған деректерді дереу зерделеуге кіріседі.

Алдағы күндері Астанаға авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі комиссия мүшелерінің борттық өздігінен жазғыштардан (қара жәшіктерден) алынған материалдармен келуі күтілуде. Келген соң сарапшылар борттық өздігінен жазғыштардан алынған деректерді дереу зерделеуге кіріседі, – делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Еске сала кетейік, 2024 жылдың 25 желтоқсанында Ақтау маңында Azerbaijan Airlines ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде бес экипаж мүшесі болған. Оқиға салдарынан 38 жолаушы қаза тапты. Оның арасында 6 Қазақстан азаматы болған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: