Жексенбі, 22 желтоқсан, 22:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Арматураға құлаған 8 жасар баланың мойнындағы тамыры кесілді

18.11.2023

991 0

Сурет. Stan.kz

Жамбыл облысында 8 жасар бала аулада ойнап жүріп мойнын жарақаттап алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Баланың жақындарының сөзінше, бала үйдің маңында құрылыс жүріп жатқан жерде ойнаған. Сол кезде арматураға құлап, мойнын жарақаттап алыпты. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқушының мойнындағы үлкен тамырларды кесіп кеткен. Бастапқыда жансақтау бөліміне жатқызылып, кейін операция бөліміне ауыстырылыпты. 

Отаны ЛОР дәрігері және жақ-бет хирургиясы бөлімінің меңгерушісі Иван Мойсюк, травматология бөлімінің дәрігері Қайрат Жеңісбаев мен тамыр хирургі Арман Ұлтарақов жүргізді. 

Ота кезінде оқушыға қан құйылған. Қазір өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: