Сенбі, 16 қараша, 17:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№91-2101
16.11.2024
PDF мұрағаты

«АрселорМиттал Теміртау» 1,3 миллиард теңге айыппұл төлейді

23.12.2022

966 0

«АрселорМиттал Теміртауға» 1,3 миллиард теңге айыппұл салынды, – деп хабарлайды  Қарағанды ​​облысы бойынша МКД баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-да жүргізіліп жатқан салықтық әкімшілендіру шеңберінде ірі салық төлеушілерге қатысты аванстық төлемдер сомасының төмендетілгені анықталған.

«2017 жылға мониторинг барысында корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы нақты есептелген салықтан төмен бағаланғаны анықталды. Осыған байланысты ҚР ӘҚБтК-нің 278-бабы 3-тармағы бойынша 1,3 миллирад теңге сомасында әкімшілік айыппұл сомасында әкімшілік материал толтырылды. Материалдар әкімшілік сотқа жіберілді», -деп көрсетілген хабарламада.

21 желтоқсанда «АрселорМиттал Теміртау» АҚ апелляциялық шағымын қарау шеңберінде Қарағанды облыстық соты Қарағанды облысы МКД дәлелдерін қолдап, әкімшілік айыппұл күшінде қалды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: