Сенбі, 21 желтоқсан, 21:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Артур Дәулетияров «RaiM & Artur» дуэтінің не себепті тарап кеткенін түсіндірді

10.03.2023

890 0

«RaiM & Artur» дуэті салған әндер көпшіліктің әлі есінде. Бүгінде жеке шығармашылықпен айналысып жүрген жігіттердің тарауына не себеп болды? Бұл туралы Артур Дәулетияров “Taboo” бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

“Адамда шығармашылық дағдарыс деген нәрсе болады екен. Ол дағдарыс мені де айналып өтпеді. Басымнан өткен дүниелер мен реніштерім жиналып, соңында музыканы тастаймын деп шештім. Музыка маған кері ықпалын тигізіп жатқандай болды. Осыдан үш жыл бұрын қатты сынға ұшырап, депрессияға түстім. Төрт жыл бұрын Қырғызстандық еркек пен әйел ұятсыз видео түсіріп, әлеуметтік желіге салады. Бейнежазбадан кадр жасап, “видеодағы адам – Артур” деген жазумен желіге таратып жібереді. “Бұл – Артур. Істегенін қараңыздар. Сіздердің қарапайым балаларыңыздың түрі мынау” деген сөздер көп болды. Әлеуметтік желіде түрлі хабарламалар келді, бопсалады, концертке шыққанда неше түрлі жаман сөздер айтылды. Сөйтіп жүріп басымның бес жерінен шаш түсті. Сондай кезде әлсіздігімді көрсеттім бе, ішімдікке салындым, жаман жолға түсіп кеттім. Бірақ бейнежазбадағы адамның маған еш қатысы жоғын айтуға, ақталуға ұялдым. Видеоның Қырғызстанда түсірілгенін, ондағы адамдардың кім екенін қырғызстандықтардың өздері біледі. Адамдардың қаңқу сөзге сенгеніне қарағанда видеодағы еркек маған қатты ұқсайтын болып тұр ғой. Тіпті өнердегі әріптестерімнің өзі мен деп ойлап қалған”, – дейді әнші.

Артур қажылықта жүріп, кеш болса да бұл түсініспеушіліктің нүктесін қоямын деп шешкен. 

“Умрада жүргенде елге қайтып келгенде осы туралы шындықты айтымын, бұл келеңсіздікке еш қатысым жоқ екенін дәлелдеймін деп шештім. Дер кезінде бұл нәрсені жоққа шығармағаныма өкінемін. “Сол жайттан кейін ол маған ұнамайды” деп айтатындар да бар. Сондай сөздер маған қатты ауыр тиді. Қажылықта жүргенде келеңсіздіктердің реттелуін сұрап, дұға тіледім. Қазақстанға келіп, сұхбат беру ойымда болды. Сол кезде сіздерден ұсыныс түсті. Осы жайт, айналадағы адамдарға деген өкпе-реніш, “Райымның көлеңкесі” деген сөздер барлығы жиналып, соңында өнерден кетемін деп шештім. Командама барып, Райымды шақырып жөнімді айттым. 

“Сендерге көп рахмет. Барлығыңа ризамын. Райым, Данияр, мені кешіріңдер. Менің кетуіме тура келіп тұр” дедім. Олар да мені уайымдап қалды. Сөйтіп Райым екеуіміз екі бөлек кеттік. Араласпай кеткен жоқпыз, бірақ бөлектеніп қалғанымызды түсіндім. Қазір Райым жеке орындаушы, өзінің жаңа альбомдары шықты. Мен оның өзін де, шығармашылығын да құрметтеймін. Екеуіміздің арамызда реніш болған шығар. Себебі дуэт тарамай тұрып Райым өзінің жеке альбомдарын шығарып жүрді. Оның жеке шығармашылыққа дайындалып жүргенін түсіндім, сондықтан өзім барып, топтан кететінімді айттым. Қазір де ара қатынасымыз жақсы. Бірақ бұрынғыдай жақындық жоқ. Тойыма шықырдым, келе алмады. Алайда, онысына еш ренжімеймін”, – дейді Артур.

Сондай-ақ ол алдағы уақытта Райыммен бірге өнер көрсетуге қарсы емес екенін жеткізді. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: