Бейсенбі, 02 мамыр, 18:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Жас сарбаздарға жауынгерлік қару табысталды

02.08.2023

409 0

Қызылорда қаласындағы 5547 әскери бөлімінің 1-2023 жылғы шақырылым жас сарбаздарына қару табыстау рәсімі өтті. Аталған салтанатты іс-шараға Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №60 мекемесі бастығының орынбасары әділет подполковнигі Алтынбек Тұрарбекұлы қатысып, шара барысында жауынгерлерге ізгі тілегін жеткізді.
— Өтан алдында борышын өтеуші әр сарбаз әрдайым сақадай-сай болуы тиіс. Бұл – мемлекет қойып отырған әскери міндет.
Жалпы, мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткелі бері қауіпсіздік күштері нығаю үстінде. Азаматтардың әскери міндетін орындауына барынша жағдай жасалған. Сіздер алдағы уақытта өздеріңізге бекітіліп берген қарумен жауынгерлік қызметтеріңізді атқаратын боласыздар. Сіздердің алдағы қызметтеріңізге тек табыстар тілей отырып, бейбіт аспан астында қызмет етіп, қаруды тек оқу – жаттығу мақсатында қолдануларыңызға тілектеспін, – деді Алтынбек Тұрарбекұлы.
Жас сарбаздарға жауынгерлік қаруды табыстау рәсімі аяқталғаннан кейін, қарудың атауы мен нөмірлері, берілген күні сарбаздардың әскери билеттеріне жазылды.
Ендігі кезекте жас жауынгерлер Қызылорда қаласындағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, қылмыстық – атқару жүйесінің мекемесінде күзету қызметін атқаратын болады.


Адина Ұзақбай
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: