Бұл өзгеріс азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар мен қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне қатысты. Үкіметтің қаулы жобасы Ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында жарияланды, – деп хабарлайды KAZINFORM
– Ауылдық елдімекен санатынан қайта құрылған Алатау қаласының денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға лауазымдық айлықақыдан 25% мөлшерінде уақытша белгіленген ауылдық қосымша ақыларды тағы бір жылға сақтау, – деп көрсетілген жобаның мақсаты құжатта.
Демек, бұл өзгеріс Алатау қаласына арналады.
Еске салайық Алматы облысы Іле ауданындағы Жетіген ауылы 2024 жылдың қаңтар айында Мемлекет басшысының Жарлығымен облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылып, оның атауы Алатау қаласы болып өзгертілді.
Ал аталған қаулы жобасы порталда 13 сәуірге дейін талқыланады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
