Жұма, 20 ақпан, 22:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№13 (2225)
17.02.2026
PDF мұрағаты

Байқоңыр – ғарыш пен туризм тоғысқан бірегей кешен

20.02.2026

37 0

Фото: Өңірлік Коммуникациялар Қызметі

Байқоңыр қала мен ғарыш айлағын біріктіретін бірегей кешен. Ғасырлар тоғысындағы ғылыми жетістіктер мен адамзаттың ғарышты игеру тарихы осы жерде тоғысқан. Сондықтан кешен экономикасын әртараптандыруда туризмді дамыту уақыт талабы.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай «Байқоңыр» кешенінің даму бағыттарына тоқталып, туризм саласын өркендету мәселесіне айрықша назар аударды.

«Байқоңыр тек стратегиялық маңызы бар нысан ғана емес, ғарыш тарихының алтын бесігі. Біз оның әлеуетін тиімді пайдаланып, туризм арқылы экономикалық серпін беруді көздейміз. «Байқоңыр» кешенінде туризмді дамытудың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасы бекітілді. Бұл құжат кешеннің тарихи-танымдық және өндірістік әлеуетін ұштастыра отырып, жаңа туристік бағыттарды жүйелі түрде қалыптастыруды көздейді. Қазіргі таңда ғарыш айлағының бірқатар тарихи нысандары жалдан шығарылып, келушілер үшін жаңа туристік маршруттар ашылды. Олардың қатарында адамзат тарихындағы тұңғыш ғарыш сапарына жол ашқан «Гагарин старты», «Гагарин беседкасы», динамикалық сынақ стенді, сондай-ақ «Буран» монтаждау-жанармай құю кешені бар. Бұл нысандар ғарышты игеру дәуірінің үнсіз куәгерлері, ғылыми прогрестің жарқын айғағы» – деді Қайрат Ырзақұлұлы.

Сонымен қатар, ғарыш айлағы тарихында алғаш рет Аэроғарыш комитетімен заманауи киіз үй үлгісіндегі қазақстандық бақылау пункті ашылды. Бұл ұлттық болмысты айшықтай отырып, заманауи технологиямен үйлесім тапқан ерекше жоба. Байқоңырды халықаралық деңгейдегі туристік орталыққа айналдыру алдағы жылдардың басты міндеттерінің бірі.

Осылайша, ғарыш тарихының алтын парақтары жазылған Байқоңыр бүгінде тек стратегиялық кешен ғана емес, сонымен қатар болашаққа бағытталған туристік және экономикалық даму нүктесіне айналып отыр.

Өңірлік Коммуникациялар Қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: