Жұма, 20 ақпан, 23:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№13 (2225)
17.02.2026
PDF мұрағаты

Байқоңырдағы медицина: сапалы қызмет пен заманауи мүмкіндіктер

20.02.2026

34 0

Фото: Қызылорда өңірлік коммуникация қызметі

Бүгінде Байқоңыр қаласында тұрғындарға сапалы әрі уақтылы медициналық көмек көрсету басты міндеттердің бірі. Мемлекетаралық келісім аясында қазақстандық азаматтарға барлық қажетті медициналық қызмет толық көлемде ұсынылады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында облыс әкімінің орынбасары, ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай баяндады.

Спикердің айтуынша, мемлекетаралық келісімге сәйкес Байқоңыр қаласы аумағында қазақстандық және ресейлік медициналық ұйымдар тұрғындарға бірлесе қызмет көрсетуде. Бұл өз кезегінде қала халқы үшін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік беріп отыр.


«Байқоңыр қаласында 2016 жылдан бері қалада көпбейінді аурухана жұмыс істейді. Аурухананың материалдық-техникалық базасын жаңарту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, медициналық мекеме 806 млн теңгеге заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілді», – деді Нұртай Қайрат Ырзақұлұлы.

Сондай-ақ қалада мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағдай жасау мақсатында гемодиализ орталығы жұмыс істейді. Көпбейінді аурухана базасында ашылған бұл орталық созылмалы бүйрек жеткіліксіздігіне шалдыққан науқастарға қажетті ем-домды жергілікті жерде алуға мүмкіндік беріп отыр. Байқоңыр қаласында денсаулық сақтау саласын дамыту бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсету деңгейі артып келеді. Бұл халық денсаулығын нығайтуға бағытталған жүйелі саясаттың нақты нәтижесі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: