Дүйсенбі, 25 қараша, 03:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Бала неге өтірік айтады?

07.01.2023

1297 0

Сурет ашық дереккөзден

Кейде өз баламыз өзімізді алдап, «анашым өтірік айта салғам» дегенді естиміз. Дегенмен олардың балалығын шалалыққа баламай, оның тәртібін қолға алған дұрыс. Сондықтан да 3-4 жастағы бала өтірік айтуды қайдан үйренеді деген мәселе жөнінде ой қозғағанды жөн санадық.

Адам бойындағы жағымсыз қасиеттердің бірі – өтірік айту. Ол кейбіреудің бойында сирек кездесетін құбылыс болса, екінші біреудің дағдысына айналады. Зерттеушілердің мәлі¬ме¬тіне сүйенсек, орта есеппен адам күніне екі рет жалған сөйлейді. Шын¬шыл адамдардың өзі де жалған ақпарат беруі мүмкін. Көптеген себептерге байланысты солай етуге тура келеді. Кішкентай сәбидің жылауды, сөйлеуді, жүруді үйренгені секілді, біз де өтірік айтуды осылай үйренеді екенбіз. Мамандардың айтуынша, бала кезде өтірікті әдетте ата-анамыздың жазалауынан қорыққанымыздан айтады екенбіз де, есейе келе жеке басымыз үшін пайдаланамыз.
Бірде өтірік айтып, сан алуан проблемалық немесе даулы жағдайдан құтылып кететін жағдай да кездеседі. Бұл – кез келген адамның бойында бар нәрсе. Дегенмен қазіргі таңда жас жеткіншектер де өтірікті судай ағызатын болған. Оларға тек жақсы қылықтарды көрсете білу – ата-ананың басты парызы. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп бекер айтылмаса керек. Сондықтан баланы бесіктен өтірік айтпауға тәрбиелеген дұрыс. Жасыратыны жоқ, күнделікті күйбең тірліктің қамымен жүріп, бала тәрбиесіне атүсті қарайтын ата-аналар бар. Таңның атысы мен күннің батысына дейін істейтіндер баласының бір ауық көңілін аулап, жағдайын білуге де уақыт таба алмай жатады. Осыдан жас жеткіншек әркімге еліктеп, теріс тәрбие алуы мүмкін. Кейбір ата-аналар балала¬рының «қайда болдың?», «қайда барасың?» деген сауалына орынсыз жауаппен алдай салады. Мәселен, «алысқа бара жатырмын», «саған көп ақша әкеліп беремін» деген жалған жауаптар сәбидің санасына сіңіп қалады. Соның әсерінен, яғни, балаға берген уәдеңді орын¬даму¬дың кесірінен олар да өтірік айтуға, алдауға бейім болып өседі. Психологиялық тұрғыда ата-ананың өздері бала санасының өтірік айтуға құмар болуына әсерін тигізеді екен. «Жаста берген тәрбие жас қайыңды игендей» деген. Себебі баланың жан дүниесі өте таза болады.
Психологтардың пайымдауынша, кіш¬кентайлар өздерін алдағанды тез ұғынады. Сондықтан ата-ана да өздерінің күнделікті өмірде көп өтірік айтатынын, соның бәрі балаға әсер ететінін ұққаны дұрыс. Ұрпағының өтірікке құмар, сылтауға бейім болып келе жатқанын байқаған сәттен бастап оның алдын алған жөн. Яғни оның неліктен өтірік айтатынын жете түсініп бақылау қажет. Мүмкін, бала өзін жақсы жағынан көрсету үшін, өзіне деген ортаның мол сенімін иелену үшін осы әрекетке баратын шығар.
– Әр ата-ана өз өмірінде ерте ме, кеш пе, баласының өтірік айтуына тап болатын кезең орын алады. Жүйелі түрде өтірік айту бала өміріндегі қандай да бір жағымсыз жайттың бар екенін көрсетеді. Бұл – баланың адамгершілік қасиеттерінің жетіспеушілігі емес, психологиялық мәселелерінің айғағы.
Кез келген жаста өтірік айтудың басты себе¬бі – қорқыныш. Бала жазаланатынынан қорқып, өтірік айтады. Ата-ананың тым қатал немесе әрекеттерінде тиянақсыз болуынан бала өзін-өзі аман сақтау үшін өтірік айтуға мәжбүр болады.
Екіншіден, баланың өтірік айтуына шамадан тыс көп тыйым салу түрткі болуы мүмкін. Егер ересектер үнемі «болмайды» дей берсе, онда бала тым көп тыйымдарды және қалағанына қол жеткізе алмағанын көтере алмай, қулыққа барады.
Үшіншіден, махаббат пен мақтауға ие болу ниеті өтірік айтуға жетелейді. Бала ата-анасы¬ның мақтауын есту үшін шын мәнінде жоқ жетіс¬тіктерімен мақтана бастайды, әңгімесіне аздап өтірік қосып немесе жеткен жетістіктерін әсірелеп жібереді. Көбінесе, бұл жағдайға баласына тым көп талап қоятын ата-аналардың өзі кінәлі.
Келесі бір себебі бала өзін-өзі таныту, ересек¬тердің немесе баланың көзіне ерекше болып көріну ниетімен байланысты болуы мүмкін. Зерттеулер көрсеткендей, тұрмысы нашар отбасынан шыққан балалар өтірікті жиі айтады, олар өз мәртебесін өтірік айтумен демеп отырады.
Көбінесе баланың өтірік айтуына ересектер¬дің оны сыпайы, мейірімді, зиялы адам етіп тәр¬биелеуде алдына жан салмауы да себеп болуы мүмкін. Баланың өз сезімдерін жасыруды үйретеді, оған жағымсыз сезімдері туралы айтуға тыйым салады.
Балалар жолдасын қорғау үшін немесе рен¬жітпеу үшін өтірік айтуы мүмкін, бұл «құтқару үшін өтірік айту» деп аталады, – дейді педагог-психолог Гүлзат Маратқызы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: