Сәрсенбі, 23 қазан, 02:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№84-2094
22.10.2024
PDF мұрағаты

Экскурсиялық ұшақ апатқа ұшырады

10.07.2024

298 0

Сурет: Ресейдің ТЖМ

Татарстанда Cessna-172 атты жеңіл моторлы экскурсиялық ұшақ апатқа ұшырады. Бұл ақпаратты Ресейдің Тергеу комитеті жариялады, – деп хабарлайды Massaget.kz.

«2024 жылғы 10 шілдеде түстен кейін Cessna-172 жеңіл моторлы ұшағы Камское Устье ауылының маңындағы лагерь аумағына қатты қонды. Ұшақ экскурсиялық рейсті орындаған, оның бортында төрт адам, соның ішінде кәмелетке толмаған бала болды. Оқиға салдарынан ұшаққа ауыр техникалық зақым келіп, өртеніп кетті, ал медициналық мекемеге жеткізілген бір ғана адам аман қалды», – деп жазылған ресми хабарламада.

Оқиға орнында тергеушілер мен криминалистер жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның себептерін анықтау үшін тергеу әрекеттері жүргізіледі, куәгерлерден жауап алынады, бірқатар сараптама тағайындалады.

Сонымен қатар, қылмыстық іс қозғалған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: