Сейсенбі, 03 желтоқсан, 22:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№96-2106
03.12.2024
PDF мұрағаты

Балалар лагерінде «Шизофрения» диагнозы бар қызметкер анықталған

16.08.2023

646 0

Жетісу облысының прокуратурасы 9 балалар лагерінің қызметіне тексеру жүргізіп, мекемелердің жағдайы заң талаптарына сәйкес келмейтінін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, «Қарлығаш» лагерінде (Көксу ауданы) балаларға арналған азық-түлік санитарлық-эпидемиологиялық нормалар сақталмастан ветеринариялық-санитарлық сараптама мен қауіпсіздік сертификаттарынсыз сатып алынған.

Балаларға арналған күнделікті тамақтану нормалары сақталмаған. Ас мәзірінде жаңа піскен көкөністерден жасалған тағамдар қарастырылмаған.

«Лагерьлердің барлығында дерлік өрт қауіпсіздігі нормалары сақталмайды.

Алғашқы өрт сөндіру құралдары – өрт сөндіргіштер мен өрт гидранттары жоқ, өрт кезінде эвакуациялық жолдардың кедергісіз шығуы қамтамасыз етілмеген.

Кейбір лагерьлерде мерзімі өткен дәрі-дәрмектер сақталған.

Балалардың лагерьлерде тұруы мен бос уақытын өткізу жағдайы да техникалық нормалар мен қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейді.

Негізгі (ғимараттар, үйлер) және қосалқы (ас үй, жуынатын бөлмелер және т.б.) лагерь ғимараттары тозған, күрделі жөндеуді қажет етеді», – делінген прокуратура хабарламасында.

Ал «Шағала» лагерінде (Алакөл ауданы) ойын-сауық кешендері мүлде болмаған.

Сонымен қатар Текелі қаласындағы лагерьлердің бірінде «Параноидты шизофрения» диагнозымен есепте тұрған медицина қызметкері анықталды.

«Тексеру іс-шаралары жалғасып жатыр. Барлық анықталған бұзушылықтар бойынша прокурорлық қадағалау шаралары қабылданатын болады», – деді прокуратурадан.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: