Сенбі, 28 желтоқсан, 15:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

«Басшылар байланыста» жобасы басталды

23.02.2021

7555 0

Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаменті Қызылорда облысы әкімдігімен бірлесе отырып, «Басшылар байланыста» жобасын бастады.

Жоба аясында мемлекеттік қызметтерді көрсетуші мекеме басшыларының тұрғындарға қызмет көрсету күндері ұйымдастырылып, жеке қабылдаулар өтеді.

«Басшылар байланыста» жобасының алғашқы «Қызмет көрсету күні» шарасы Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Рафхат Бисеновтің, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазиловтың және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы облыстық филиалының директоры Айдын Қайруллаевтың қатысуымен өткізілді.

Халыққа қызмет көрсету орталығында өткен шара барысында тұрғындардың басым бөлігі денсаулық сақтау саласына қатысты мәселелермен жүгінді. Сонымен қатар, азаматтар мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен мерзімдері туралы сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Департамент басшысы Р.Бисенов пен денсаулық сақтау басқармасының басшысы С.Пазилов осындай қабылдауларды алдағы уақытта медициналық ұйымдарда өткізуге уағдаласты.

«Басшылар байланыста» жобасы шеңберінде жыл көлемінде аймақтағы мемлекеттік қызметтерді көрсетуші 20 мекеменің басшыларының қатысуымен «Қызмет көрсету күні» шарасы ұйымдастырылады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: