Дүйсенбі, 25 қараша, 01:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Базалық мөлшерлеме көтерілді. Себебі неде?

09.12.2022

682 0

Сурет ашық дереккөзден алынды

Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесі тағы да көтерілді. Бұл жаңалықты оқыған қарапайым халық теңгенің тағы да құнсыздана түскенін түсінеді. Базалық мөлшерлеме неге көтерілді? Мұның себебін Ұлттық банк төрағасы Ғ.Пірматов мұндай шешім не үшін қабылданғанын өз мәлімдемесінде түсіндірді. Ұлттық банк төрағасының айтуынша, бұл инфляциялық қысымды төмендетуге бағытталған. Осы шешім 2025 жылға дейін жаңартылған болжамдар мен нақты деректерді талдау негізінде қабылданған.Тағы бір атап айтарлығы, базалық мөлшерлеменің өсу шегі осымен тоқтайтын секілді. Ұлттық банк төрағасы осылай дейді.

«Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені өсіру циклін аяқтауға жақындады. Қабылданған шаралар қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз етуге және экономика субъектілерінің жинақтау белсенділігін қолдауға мүмкіндік береді. Келесі жағдайлар соның дәлелі:

1) Маусым айынан бастап теңгедегі депозиттердің артуы байқалады. Депозиттердің жалпы көлемі тарихи максимум – 30 трлн теңгеге жетті. Депозиттердің долларлануы биылғы ең жоғары деңгей – ақпандағы 38,4%-дан қазан айының соңында 35,3%-ға дейін төмендеді.

2) Валюта нарығы өз балансын таба бастады. Сәуір айынан бастап Ұлттық Банк шетел валютасын сату бойынша интервенциялар жүргізген жоқ. Біз экономикадағы дисбаланстардың жинақталуын болдырмайтын икемді бағам белгілеу режимін ұстануды жалғастырып келеміз.

3) Жалпы баяулауға қарамастан, кредит беру оң аймақта. Сараланған саясат банктердің экономиканы кредиттеуінің оң өсу қарқынын сақтауға мүмкіндік береді. Мәселен, қазан айында экономикаға берілген кредиттер халық пен бизнесті теңгеде кредиттеу есебінен жылдық мәнде
21,5 трлн теңгеге дейін 24,9%-ға өсті, ал биылғы жылдың басынан бастап 16,1%-ға өсті.

Базалық мөлшерлеме жөніндегі шешім осы процестерді нығайта түседі және орта мерзімді кезеңде инфляция бойынша мақсатқа қол жеткізуге ықпал етеді», – деп жазады.

Болжам қандай?

Ұлттық банк төрағасының мәлімдесіндегі болжамдарға сүйенсек, жыл соңына дейін базалық мөлшерлеме 20-21 пайызға жетеді.

  2022 жылдың соңына дейін инфляция 20-21% шегінде қалыптасады. Біз 2023 жылғы 1-тоқсанда жылдық инфляцияның шарықтау шегіне жететінін болжаймыз.

Сауданың құрылымдық қайта құрылуының ұзаруы тұтынушылық тауарлардың азық-түлікке жатпайтын сегментінде көрініс табуда. Нәтижесінде жоғары инфляциялық күтулер мен дезинфляциялық сыртқы ортада инфляция бойынша болжам 2023 жылдың соңына қарай 11-13%-ға дейін көтерілді. 2024 жылы инфляция 7-9%, 2025 жылы 4-6% шегінде болжанады.

Келешекте ішкі ұсыныстың мүмкіндіктерінен артатын тұрақты сұраныс кезіндегі жоғары және тұрақсыз инфляциялық күтулер инфляция төмендеуінің тежеуші факторы болады. Бұдан әрі инфляциялық жағдайдың жеңілдеуіне қарай және дәнді дақылдардың тұрақты бағасы кезінде инфляциялық күтулер төмендейді. Бұл инфляцияның одан әрі нысаналы бағдарларға жетуіне мүмкіндік береді.

Әлсіз сыртқы сұранысты және бұрын болжанғаннан азырақ өндіруді ескере отырып, біз жалпы ішкі өнімнің өсуі 2022 жылы 2-3%, 2023 жылы – 3-4%, 2024-2025 жылдары – 3,5-4,5% деңгейінде болатынын күтеміз. Мұнай өндірудің артуына байланысты экспорттың өсуі, сондай-ақ үй шаруашылықтары тарапынан қалыпты сұраныс кезінде инвестициялардың ұлғаюы негізгі драйверлер болады. 2023 жылы фискалдық саясат ынталандырушы аймақта болады деп күтілуде, бірақ бюджеттік қағидалар қолданылуы аясында бұдан кейін серпін әлсірейді. Осыған қарамастан фискалдық саясат факторы мемлекеттік тұтыну мен ішкі сұранысты қолдауды жалғастырады. Сұраныстың одан әрі өсуі импортты қолдау факторы болады, ол жалпы ішкі өнімнің өсуін шектейді.  

Негізгі тәуекелдер геосаяси шиеленіс салдарына және оның одан әрі дамуына қатысты белгісіздікке, сауданы құрылымдық қайта құру кезеңінің ұзақ болуына, жоғары азық-түлік инфляциясының сақталу кезінде жоғары және тұрақсыз инфляциялық күтулерге байланысты.

Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені көтеру циклін аяқтауға жақындады. Қабылданған шешім ескеріле отырып, базалық мөлшерлеменің деңгейі барынша жоғары деп бағаланады. Мөлшерлемені ұзақ уақыт бойы ағымдағы деңгейлерде сақтау инфляцияны тұрақтандыруға және оны орта мерзімді перспективада біртіндеп төмендетуге мүмкіндік береді. Жаңа проинфляциялық күтпеген өзгерістердің, болмаса, ақша-кредит саясатын одан әрі қатаңдату ықтималдығын төмен деп бағалаймыз.

Базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешім 2023 жылдың 13 қаңтарында жарияланбақ.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: