Жексенбі, 08 желтоқсан, 01:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Елдегі депозиттің жалпы көлемі 30 трлн теңге

12.12.2022

647 0

Сурет ашық дереккөзден алынды

Қаржы нарығындағы ойнышылардың теңгедегі активтерге деген сенімі артты. Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Ұлттық банкінің басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматов осындай мәлімет келтірді.

«2022 жылғы күтпеген өзгерістердің бұрын-соңды болмаған сипатына қарамастан Ұлттық банк келесі нәтижелерге қол жеткізді.

Бірінші – қаржы жүйесінің тұрақсыздануының алдын алу. Қабылдаған ұлттық жедел шаралар қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтауға мүмкіндік берді. Екінші – биыл қазан айында депозиттер ең жоғары тарихи деңгейге, яғни, 30 трлн теңгеге дейін жетіп, теңгедегі активтерге деген сенім артты.

Үшінші – валюта нарығының теңгерімділігі қамтамасыз етілді. Нарықтағы сұраныс пен ұсынысты нарық қатысушылары айқындайды», – деді Ғалымжан Пірматов.

Десе де, дамушы нарықтардан айтарлықтай капитал әкетілсе де, Ұлттық банктің басқаруындағы активтердің ұзақ мерзімді кірістілігі оң аймақта сақталып тұрғаны да айтылды.

«Бесінші – халықтың бөлшек төлемдеріне қызмет көрсетуі үшін ұлттық төлеу жүйесі іске қосылып, нақты қатысушылармен цифрлық теңгенің технологиялық палтформасы тестілеуден сәтті өтті», – деді Ұлттық банк басшысы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: