Жұма, 27 желтоқсан, 05:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Билетсіз жолаушы 6900 теңге айыппұл төлейді

09.02.2023

1038 0

«Қызылорда» автобус паркі» ЖШС қызметкерлері қоғамдық көлікте рейдтер жүргізуде. Әрбір тексеруші жолаушылардың билет алғандығы жайлы ақпарат алуға мүмкіндік беретін арнайы терминалмен жабдықталған.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің «Қалалық қала маңындағы қоғамдық көлікті пайдалану қағидаларын бұзу» 622-бабының 2-тармағы қоғамдық көлікте жолақысын төлеуден жалтару сияқты құқық бұзушылық үшін 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде(6900 теңге) айыппұл түріндегі жазаны қарастырады.

Құрметті жолаушылар!

Автобус салондарында бейнежазба жүргізіледі. Жауапқа тартылмау үшін, жолаушылар тасымалдау ережелерін ұстануыңызды сұраймыз. Автобусқа алдыңғы есіктен кіріп, міндетті түрде электронды тәсілмен төлем жасауыңызды және қолма-қол төлем жасаған жағдай бір жолғы билетті талап етуіңізді сұраймыз! Аялдамаңызға келген де ортанғы есіктен шығуыңыз керек!

Қызылорда автобус паркі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: