Сенбі, 21 желтоқсан, 23:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«Біреуге бала тууға әзірмін» хабарландырушы қыз-келіншектер

17.08.2023

625 0

Интернетте «біреуге бала тууға әзірмін» деген хабарлама көбейген. Мұны көбіне 18-27 жас аралығындағы қыз-келіншектер берген. Алайда суррогат ана орталықтары мұндай қызметке жас қыздарды алмайды екен, – деп хабарлайды  «Астана» телеарнасы.

«Гонорарым 3 миллион негізі. Негізі басында көтерген кезде 1,5 миллион теңге береді. Туғаннан кейін 1,5 миллион береді. Кәдімгідей келісімшартпен болады. Сосын ай сайын 100 мың теңге», – дейді хабарландыру берген қыздың бірі.

Бұл қызметке сұраныстың жоғарылығы сонша, қазір әр қалада заңды түрде суррогат ана орталығы жұмыс істейді. 

орталығы жұмыс істейді.

«Болам деген қыздар көп. Біз 25 жастан 33-34 жасқа дейін ғана аламыз. Жас қыздарды алмаймыз. Өйткені психологиясы дайын емес. Олар жарнама көргеннен кейін, ақшасы төленеді дегеннен кейін келеді, бірақ мұны сезінбейді», – дейді орталық директоры Дамира Бекбергенова.

Суррогат ана болу тәртібі «Неке және отбасы туралы» Кодексінің тоғызыншы тарауында жазылған. Онда суррогат ананың жасы мен денсаулығы көрсетілген.

«Суррогат ана 20-дан 35-ке дейін болу керек. Екінші талап бұл – арнайы медициналық ұйымның қорытындысы керек. Ол жерде денсаулығы, психикалық және репродуктивті денсаулығы сай екенінің қорытындысы керек. Үшіншісі ол – суррогат ананың бір туған сау баласы болуы керек», – дейді заңгер Олжас Лекеров.

Ал дін өкілдері суррогат жолмен дүниеге келген бала некесіз туған боп есептелетінін айтып отыр.

«Жалға берілетіндей адамның құрсағы, бұл рұқсат берілген зат емес. Біреу өзінің үйін, өзінің көлігін, өзінің ыдысын жалға беруге болады. Ал әйелді, некелі әйел өзінің ғана күйеуіне халал болады», – дейді ҚМДБ жанындағы ғұламалар кеңесінің мүшесі Сансызбай Құрбанұлы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: