Сенбі, 23 қараша, 15:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Бишімбаев ісіне қатысы бар әйел сотталды

28.10.2024

895 0

Фото: kz.kursiv.mediа

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «алаяқтық жасауға оқталды» және «аса ірі мөлшерде пара берді» айыпталған Людмила Грачеваға қатысты осындай үкім шығарды. Сот алқабилердің қатысуымен өтті.

Сотталушы 2024 жылдың мамыр айында «Қуандық Бишімбаевтың үкімін жеңілдету үшін апелляциялық сатыға пара беруге болады» деп Әлмира Нұрлыбекованың үйіне келіп, 100 млн. теңге сұраған. Соттың пікірінше, ол  аса ірі мөлшерде ақшаны иемденіп кетуді көздеген.

Сол күні кешке Қуандықтың анасын әңгімеге тартып, иландырып, қомақты қаражатты қалтасына басып алған. Бірақ антикордың әшкерелеуіне байланысты жымысқы ойы жүзеге аспай қалған.

«Сотталушының кінәсі толық дәлелденді. Куәгерлердің куәліктері, сараптама қорытындылары, бейнежазба және басқа да материалдар айғақ болды», – делінген сот хабарламасында.

Прокурор Людмила Грачеваны 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. Десе де, сотталушы кінәсін мойнына алған жоқ. Адвокаттары оны ақтауды сұрады.

Сот сотталушының жас балалары бар екенін, қылмысты ауырлататын жағдайлардың жоқтығын ескеріп, 10 жылға бас бостандығынан айырды. Сот үкімі заң күшіне енген жоқ.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: