Қаңтар оқиғасы бойынша сотталған Арман Жұмагелдиев Қостанай түрмесінде өзіне зиян келтіремін деп қорқытқан. Оған медициналық көмек көрсетілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Түрмедегі бұл оқыс жағдай алдымен әлеуметтік желіде тарады. Яғни 20 жылға сотталған «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиев тамырын кескен деген ақпарат желдей есті.
Артынша ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйсінің комитеті түсініктеме берді.
– Аталған сотталушы өзіне аздаған дене жарақаттарын келтірді. Медициналық көмек бірден көрсетілді. Сотталушының денсаулығы қанағаттанарлық деңгейде, – деп хабарлады ҚАЖК баспасөз қызметі.
Сондай-ақ Арман Жұмагелдиев айырықша бақылауда екені, оны мекеме психологтары қарауға алғаны нақтыланады.
Аталған факті бойынша қызметтік тергеу тағайындалды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!