Бейсенбі, 05 наурыз, 16:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№17 (2229)
03.03.2026
PDF мұрағаты

Дін мен экстремизмнің басты айырмашылықтары

05.03.2026

57 0

Фото: ашық дереккөзден


Дін тура жол, ал діни экстримизм қой терісін жамылған қасқыр секілді таза саяси бүлік, шабуыл, белгісіз бір топтардың ғана мүддесі, Ібілістің ісі. Енді мұны салыстырып қарасақ.

Шәкәрім Құдайбердіұлы былай дейді:
Әлемдегi дiндердiң түп мақсұты,
Үш нәрседе бұлжымай құшақтасар:
Құдай – бір, ұждан – дұрыс, қиямет – шын,
Еш дiннiң мақсұты жоқ мұнан асар. Діннің барлығының мақсаты тыныштық, бір-біріне деген құрмет, сенім-нанымға деген еркіндік, өзге діни нанымдарға жауласпау. Ал, экстримистердің қадамы қалай? Діни экстремизм тобының мақсаты идологиялық үстемдік, төзімсіздік, радикализм, топтық қысым, кейде зорлық-зомбылық. Енді бұл екеуінің қоғамға әсері қандай беген сұрақ туындайды. Мұндайда мамандар діннің қоғамға әсері тұрақтылық ал діни экстремизимнің әсері тек ғана қауіп пен қатер дейді. Міне, бұл екеуінің айырмашылығы осында.
Дін – адамның Жаратушыға деген сенімі мен рухани өмірін реттейтін жүйе. Әлемдік ірі діндерге Ислам, Христиандық, Буддизм жатады. Бұл діндердің әрқайсысы өзіндік сенім қағидаларына ие болғанымен, барлығының түпкі мақсаты – адамды ізгілікке, әділеттілікке және мейірімділікке тәрбиелеу. Адам өмірінің мәнін түсіндіруге тырысады. Ол адамның ішкі дүниесін байытып, қиындықтарға төтеп беруге рухани күш береді. Дін арқылы адам жақсылық пен жамандықты айыруды үйренеді.
Ал, діни экстремизмнің табиғаты мен ерекшеліктерін ғалымдар былай сипаттайды. Олар– дінді бұрмалап түсіндіру арқылы радикалды мақсаттарды көздейтін идеологияны таратады. Ол шынайы діни құндылықтарға емес, қатаң әрі төзімсіз көзқарасқа негізделеді.
Белгілі бір діни мәтіндерді тар мағынада түсіндіріп, оны абсолютті ақиқат ретінде ұсынады. Басқа көзқарастарды жоққа шығарады. Өзге сенім иелерін немесе дәстүрлі бағыттағы діндарларды қарсылас ретінде қабылдайды. Бұл қоғамда алауыздық туғызады.
Кейбір экстремистік топтар өз мақсаттарына жету үшін күш қолдануы мүмкін. Бұл – діннің бейбітшілік қағидаларына мүлде қайшы. Көп жағдайда діни экстремизмнің түпкі мақсаты – саяси билікке ұмтылу немесе қоғам құрылымын өзгерту. Негізгі айырмашылық – дін адамның ішкі жандүниесін тәрбиелеуге бағытталса, экстремизм билік пен үстемдікке ұмтылады. Тағы сол Шәкәрім атамызға жүгінсек:
Бұл кездегi дiндердiң бәрi – нашар,
Ешбiрi түзу емес көңiл ашар.
Өңкей алдау, жалғанды дiнiм дейдi,
Тексерсең, ойың түгiл жаның сасар. Қазір діндар болып көрінетін көптеген азаматтардың мақсаттарын тыңдай қалсаңыз жаның сасар. Олар өздерін жат ағымның жетегіне еріп кеттім деп ойламайды. Ойламақ түгілі мен дұрыс жолда жүрмін, өзгелер адасуда деп тұжырымдайды. Міне, сол түсініктегі жандардың жан дүниесімен жұмыс жасамаса адасары ақиқат. Діни талаптар орындаймын, ұстанамын деген әрбір адам дін мен саяси ағымдардың ара жігін ажыратып алуы тиіс.

Сәкен Алдашбаев,

«Сыр дидары» газетінің бас редакторы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: