Жұма, 06 наурыз, 11:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№17 (2229)
03.03.2026
PDF мұрағаты

Елдегі автокөлік паркі қаншалықты ескірген

06.03.2026

36 0

Фото: Агибай Аяпбергенов/ Kazinform

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі елдегі автокөлік паркін жаңартуға қатысты түсінік берді, – деп хабарлайды KAZINFORM

-Осы уақытқа дейін елдегі автокөліктер саны 5,9 млн-ды құрады: 399,5 мыңы – 3 жылға дейінгі, 1 миллионы – 3-7 жыл аралығындағы, 606,6 мыңы – 7-10 жыл аралығындағы, 1,4 миллионы – 10-20 жыл аралығындағы, 2,4 миллионы 20 жылдан асқан автокөліктер. Бұл өз кезегінде Қазақстанда қолданыстағы автопаркті жаңартуға үлкен мүмкіндік бар екенін көрсетеді. Сонымен қатар, алда Қазақстандағы автопаркті кезең-кезеңімен жаңарту қарастырылып отыр. 2024 жылдан 2025 жылға дейін сатылым көлемі 15 пайызға өсті. Атап айтқанда, 2025 жылы 234,9 мың автокөлік сатылған. Ал 2024 жылы бұл көрсеткіш 205,1 мың болған, – делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

2025 жылы Қазақстанда екі жаңа жоғары технологиялық өндіріс іске қосылды. Бұл ретте Алматыда Chery, Haval, Changan брендтері шығарылатын мультибрендті зауыт және Қостанайда орналасқан Kia Qazaqstan зауыты өндірісті бастады. «KIA Qazaqstan» – жылдық қуаты 70 мыңға дейін автомобиль шығаратын, ұсақ торапты өндіріс әдісімен жұмыс істейтін зауыт.

«Astana Motors Manufacturing Kazakhstan» – CHERY, CHANGAN, GREAT WALL MOTOR (HAVAL, Tank брендтері) автомобильдерін ұсақ торапты өндіріс әдісімен шығаратын мультибрендті зауыт, жылдық қуаты шамамен 120 мың. Былтыр қыркүйектен бастап сериялық өндіріс іске қосылды.

Еске салсақ, былтыр күзде Мемлекет басшысы телекөпір арқылы KIA Qazaqstan автомобиль зауытын ашты. 

 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: