Жұма, 06 наурыз, 11:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№17 (2229)
03.03.2026
PDF мұрағаты

Елімізде картоп экспорты жалғасады, жұмыртқа импорты уақытша тоқтайды

06.03.2026

41 0

Фото: ҚР Үкіметі

ВАК сиыр етін экспорттау, жұмыртқа импорты және аналық мал басын сақтау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі, – деп хабарлайды KAZINFORM

Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары — ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткізілген сыртқы сауда және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысында еліміздің азық-түлік және экономикалық қауіпсіздігіне әсер ететін бірқатар түйінді мәселе қаралды.

Картопты экспорттауға тыйым салынбайды

Ішкі нарықтағы бағаның айтарлықтай тұрақтануын және жеткілікті қор бар екенін ескере отырып, картоп экспортына уақытша шектеу енгізудің жөнсіздігі туралы шешім қабылданды.


Сиыр етін экспорттаушыларға квота беру талабы жеңілдетіледі

Квота бөлудің қолданыстағы тетігі кемінде 5 мың басқа арналған жеке бордақылау алаңы мен өзінің ет комбинатының болуы секілді бірқатар талапты көздейді. Шешім қабылдау кезінде ВАК-қа қатысушылар Үкімет бекіткен Мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспарын да назарға алды. Құжат ірі қара мал санын 7,9 млн-нан 12 млн басқа арттыруды, сондай-ақ экспорттық әлеуетті нығайтуды және қазақстандық сиыр етін өткізудің жаңа нарығын ашуды көздейді. Ауыл шаруашылығы министрлігі квота бөлудің қолданыстағы ережесіне тиісті өзгеріс енгізеді.

Сонымен қатар аналық мал басын сақтау және отандық қайта өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстаннан ірі қара мен ұсақ малдың аналық басын, сондай-ақ ІҚМ бұқашықтарын, оның ішінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерге әкетуге тыйым салуды ұзарту туралы шешім қабылданды.


Алты айға дейін тауық жұмыртқасын ЕАЭО елдерінен импорттауға тыйым салынады

Қазіргі уақытта Қазақстанда 70 құс фабрикасы жұмыс істейді. Оның 34-і жұмыртқа, 29-ы ет, 7-еуі асыл тұқым өндіреді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша тауық жұмыртқасының өндірісі 2,4%-ға, 4 568,5 млн данаға артқан. Ішкі нарықтағы отандық өндіріс 98%-ды құрады. Тиісті бұйрықты Ауыл шаруашылығы министрлігі қабылдайды.

Сондай-ақ жиында темір жол жылжымалы құрамы мен темір жол төсемінің элементтері үшін құрамдас бөліктерді үшінші елдерден импорттауға тыйым салуды енгізудің орындылығы туралы мәселе қаралды. Талқылау барысында отандық жиынтықтаушы өндірушілердің, локомотив өндірушілер мен тұтынушылардың, оның ішінде «ҚТЖ» АҚ-ның ұстанымдары тыңдалды.

— Талқылау қорытындысы бойынша импортқа шектеулер енгізудің орынсыз екені туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар «Қазақстан темір жолы» АҚ-ға теміржол жылжымалы құрамына арналған қосалқы бөлшектер мен теміржол төсемі элементтерін сатып алу кезінде отандық өндірушілерге басымдық беруді қамтамасыз ету тапсырылды, — делінген хабарламада.

Бұдан бұрын Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Ербол Тасжүреков орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында елде ет жеткілікті болғанмен баға неге түспей тұрғанын айтты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: