Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 01:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Елімізде жарты миллионға жуық студенттің мойнында несие бар

26.03.2024

690 0

Сурет:Н.Нұржаубай

Елімізде жарты миллионға жуық студенттің мойнында несие бар. Оның ішінде 47 мыңы проблемалық несие, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Банкке қомақты қарызы бар жастардың бірі – Батухан Ысқақов. Ол танысына көмектесемін деп өз атына несие алып, кейін алданғанын түсінген. Бұрын-соңды банктен қарыз алып көрмеген жігіт  бар болғаны 1 минут ішінде несие рәсімделгенін айтты. 

«Несиені өзім жабамын» дегенде сеніп 810 мың теңге онлайн несие алып бердім. Ай сайын төлем уақыты келгенде ол уәдесінде тұрмады. Кейін ол тағы бірнеше студентке несие алдырып төлемей жүргенін білдім. Өзім ақылы бөлімде оқимын, оның үстіне жұмыс істеймін. Енді несиені де төлеуім керек», – дейді студент. 

Статистикаға сүйенсек, елімізде 500 мыңға жуық студентте несие бар. Оның – 47 мыңы проблемалық несие. Кей банктер жұмысы болмаса да 18 жасқа толғандарға тұтынушылық кредит беріп келген. 

«Жастарға несие беру динамикасын қарасақ, проблемалық несие үлесі ұлғайып, 11 пайызға жетті. Енді ресми түрде тіркелген табысы бар жастарға ғана несие беріледі», – деді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымова.

Телеарна мәліметінше, жұмысы жоқ бірақ төлемі кешіктірілген жастар үшін мәселені шешу тетіктері бар. Олар қаржы ұйымдарына арыз жазып, жаңа төлем кестесін алуы керек. Ал сарапшылар бұл мәселені шешу үшін несие беру жасын шектеуді ұсынады. 

«Несие алып, қарызға батқан студент көбейіп барады. Олар ата-аналарына айтуға қорқады. Ал мәселені өз еркімен шеше алмайды. Сондықтан мен 21 жасқа дейін несие бермеу керек деп есептеймін», – деді банк мәселелері бойынша тәуелсіз сарапшы Нұржан Бияқаев.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: