Дүйсенбі, 17 маусым, 03:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№47-2057
15.06.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда: Сабалақ саяжайында жаңа мешіт ашылды

24.05.2024

231 0

Қызылорда қаласының Тасбөгет кентіне қарасты Сабалақ саяжайында жаңадан салынған «Мақтұм Сейіт» мешіті халық игілігіне табысталды.

Мешіттің ашылу рәсіміне Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қатысты.

Мешіттің ашылуы Қасиетті Құран Кәрім аяттарымен басталды. Шарада бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы саяжай халқын рухани орданың ашылуымен құттықтап, мешіттің бой көтеруіне атсалысқан барша азаматтарға алғысын жеткізді. Сондай-ақ, «Мақтұм Сейіт» мешітіне қасиетті Құран Кәрім кітабын сыйға тартты.

Сонымен қатар, саяжай жұртшылығының қуанышымен бөлісуге арнайы келген қала әкімі Серік Қожаниязов тұрғындарды мешіттің ашылуымен құттықтады.

Айта кетейік, бұл ғибадат орнының құрылысы 2023 жылдың қазан айында басталып, ағымдағы жылдың мамыр айында толық салынып біткен болатын. «МақтұмСейіт» мешіті – баба ұрпақтарының демеушілігімен салынып, ел игіліне беріліп отыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: