Сенбі, 23 қараша, 01:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Елімізде жас сарбаздар микроқаржы ұйымына 230 миллион қарыз

06.01.2023

714 0

Елімізде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген 7 мыңға жуық сарбаздың несие бойынша қарызы 2,2 миллиард теңгеден асады. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

1,2 мың сарбаз микроқаржы ұйымдарына 230 миллион теңге қарыз екен. 

«Банк пен микроқаржы ұйымдарына 2 миллиард 265 миллион теңге қарызы бар 6,9 мың адам анықталды. Олардың ішінде 2,4 мың адамның қарыз мерзімі 90 күннен асып кеткен, жалпы сомасы 872 миллион теңге. Соның қатарында банкке 1,5 мың адам 643 миллион теңге, микроқаржы ұйымдарына 1,2 мың адам 230 миллион теңге қарыз», – деді Смайылов мәжіліс депутаттарының сауалына жауап беріп.

Премьер-минитрдің сөзінше, несиенің уақыты өтіп кетпеуі үшін сарбаздарға несие демалысы жарияланады. Сәйкес келісімге 2022 жылдың 5 желтоқсанында қорғаныс министрлігі мен қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қол қойған.  

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: