Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 19:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Еңбек – сотталғандарды түзелу жолына жетелейді

15.11.2022

704 0

Әрбір түзеу мекемесінде шаруашылық отряды бар.

Оған мекемеде шаруашылық жұмыстарын атқаратын, оң сипаттағы сотталғандар кіреді.

Әр сотталғанмен шаруашылық қызметі бойынша еңбек шарты жасалып, ай сайынғы еңбекақысы жұмысшының электронды шотына аударылып, зейнетақы қорымен қоса барлық ұсталымдар шегеріліп отырады.

Сонымен бірге еңбек өтілі де жинақталады.

Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесіне қарайтын № 68 мемлекеттік мекемесінде қазіргі уақытта шаруашылық бөліміне қалдырылған 17 сотталған бар.

Бұл жазасын өтеушілер сантехник, электрик, шаштараз, жүк тасушы, тазалаушы, асхана қызметкері, абаттандырушы, ағаш ұстасы, құрылыс жөндеушілер, моншадағы тазалықты қадағалап, кір жуушылар болып жұмыс істейді.
Бұл мамандықтардың әрқайсысы мекемеге қажетті қызметтер .

Осындай шаруашылық қызметіне қалдырылғандардың бірі, ҚР ҚК- 188 бабы бойынша сотталған Н. есімді азамат өз жұмысы туралы төмендегіше баяндап берді.

Бұдан бір жыл бұрын камерада отырған кезімде менде – түрмеге бару немесе тергеу изоляторының шаруашылық отрядында қалу таңдауы тұрды.

Мүнда бірінші рет бес жылға дейінгі бас бостандығынан айрылған сотталғандар қалуы мүмкін.

Ақырында мен осы тергеу изоляторында қалуды ұйғардым. Өз шешіміме өкінбеймін.

Өйткені, мекеме әкімшілігі барлық әлеуметтік аударымдар мен ай сайынғы тұрақты жалақымен төленетін жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

Ақшам болғандықтан, дүкеннен қажетті заттарымды тапсырыс беріп, сатып алып отырмын. Бұл менің күннен- күнге қымбаттап жатқан кезеңде туыстарымнан сәлемдеме сұрамай-ақ, яғни, олардың қалтасына салмақ салмай, өз бетімше күн көруге мүмкіндік беріп отыр.

Ең бастысы, еңбекпен айналысу мені бойкүйездіктен, келешегімді ойлап, уайымға салынып кетуден алшақтатады.

-Иә, шынында да, еңбекпен айналысқан сотталғандардың ой-өрісі де, бойы да сергек болады.
Жұмыс жасап жүрген сотталғандарымыз атқару парағы бойынша сот шешімдерін орындауға, еңбек дағдыларын меңгеруге және адал жолмен нәпақа табуға мүмкіндік алады.

Ең бастысы, еңбек тәрбиесі – сотталғандарды түзеулу мақсатына жетуге септігін тигізеді, – дейді, әділет аға лейтенанты, жасақ бастығы Н.Ниязов.

Айдана СЕЙІЛ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: