Жұма, 03 мамыр, 03:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Ер адам полицей қызметкерін үтекпен ұрып, тістеп алған

18.09.2023

324 0

Сурет ашық дереккөзден

Павлодар облысында ашулы адам үйіне барған полицей қызметкерін үтікпен ұрып, тістеп алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Деректерге сай Ақсу қаласының тұрғыны мас ұлының жанжал шығарып, агрессиялық әрекеттер жасап жатқанын айтып, полицияға хабарласқан. 

«Көрсетілген мекенжайға учаскелік полиция инспекторы жіберілді. Ер адам полиция қызметкерінің заңды талаптарын елемей, өзін агрессивті ұстап, полиция қызметкеріне қарсылық көрсеткен. Кейін үтікпен учаскелік полицейдің басынан ұрып, оның білегін тістеп алған», – деді Павлодар облысының полиция департаменті. 

Күдікті полиция бөліміне жеткізілді.

ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабының 3-бөлігі (Билік өкіліне қорқыту немесе күш көрсету) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: