Бейсенбі, 26 желтоқсан, 23:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Еріктілер алғаш рет Арал теңізінің құрғаған жеріне барды

10.03.2024

637 0

Сурет: baq.kz

Қазақстанның волонтерлары алғаш рет Арал теңізінің құрғаған табанына барып, сексеуіл көшеттерін екті. Олардың қатарында BAQ.KZ

Экологиялық жобаны наурыз басында Almaty Management University (AlmaU) ұйымдастырды.

Экожобаның миссиясы – Арал теңізінің құрғаған ұлтанындағы экожүйені қалпына келтіріп, аймақты экологиялық апаттан қорғау. Себебі қатты жел суы тартылған Арал теңізінің табанынан құмды, ал дауыл тұзды көтеріп, өңірдің тұрғындары мен ауыл шаруашылығына қауіп төндіретін экологиялық апатқа әкелуі мүмкін.

Ал сексеуіл Арал теңізінің ұлтанындағы құм мен тұзды ұстап тұруға көмектеседі. Яғни құм мен тұздың таралуының алдын алып, қоршаған орта мен адам денсаулығын қорғауға ықпал етеді. Мамандардың айтуынша, бір сексеуілдің орташа бұтасы тамыры арқылы 4 тоннаға дейінгі құм мен тұзды ұстап тұруға қауқарлы.

Айта кетейік, теңіздің құрғаған табанының жалпы ауданы 4 миллион гектардан асады. Бүгінде оның 544,5 мың гектары ғана көгалдандырылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: