Бейсенбі, 26 желтоқсан, 20:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Газет оқымасам, бір дүние кем боп тұрғандай көрінеді

16.04.2022

1100 0

Газет – қашан да оқырманымен ғұмырлы. Оқырманы жоқ басы­лым – қанаты жоқ құспен тең. Бала күнімнен газет-журнал, кітапты сүйіп оқимын. Қазіргі жастарға таңқаламын. Кітап оқи бермейді. Солардың қалай таң атырып, кеш батыратынын ұқпаймын. Жаңалықтың жар­шысы болған «Ақмешіт апталығы» газетінің тұрақты оқырманымын. Көптен бері жазылып оқимыз. Газет оқымасам, бір дүние кем боп тұрғандай көрінеді.

Газет аяқтың астына тастай салатын оңай дүние емес. Бұл қаншама еңбектің нәтижесі. Газет бетінде қанша адамның тағдыры, бейнесі, суреті салынады. Тарихымыз жазылады. Сондықтан оның әр нөмірін сақтап, жинап жүремін. «Ақмешіт апталығы» газетіне дәл қазір шығып жүрген арнайы беттері ұнайды. Сондай-ақ көкейдегі жүрген сауалдарды дөп басып, сол тақырыпта сараптамалық мақала жазады. Әлем жаңалықтарынан хабардар ететін «Әбігер әлемінің» өзі ұтымды ойлап табылған айдар. Аударманы жақсы оқимын.

Жамал СЕРМАХАНОВА,

қала тұрғыны, көп балалы ана

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: