Жұма, 27 желтоқсан, 06:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Гүлшара Әбдіқалықова: Көксарайға су жиналмай қалу қаупі бар

15.03.2022

824 0

Өткен аптада Арал, Қазалы, Қармақшы ауданындағы шаруа қожалықтарының иелерімен кездескен Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Жалағаш ауданында ауыл шаруашылығы мәселелеріне арналған жиын өткізді.

Аймақ басшысы аудан шаруаларының тыныс-тіршілігі сумен тығыз байланысты екенін ескере келе, вегетациялық кезеңде тіршілік көзін үнемді пайдаланудың маңыздылығына тоқталды.

«Бүгін сіздермен кездесіп, ұсыныстарыңызды тыңдау үшін жиналып отырмыз. Биыл да судың тапшылығы айтарлықтай байқалады. Көксарайға су жиналмай қалу қаупі бар. Сондықтан қуаңшылықтың алдын алу шараларын кешенді жүргізу үшін сіздердің қолдауларыңыз қажет. Тығырықтан шығудың балама жолдары мен тиімді тетіктерін қарастыру үшін әрбір ауданда космотүсірілім жасалып, су деңгейі аз баратын жерлерге насос қондырғыларын орнатып, ұңғыма тарту, каналдарды тазалау жұмыстарын кестеге сәйкес орындау қажет. Биыл бюджет есебінен Жалағаш ауданына 6 насос қондырғысы алынады. Егіс кезінде тапшылықты ескере отырып, басқа да дақылдарды егудің амалын іздестіргеніміз дұрыс», – деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Отырыста аудан әкімі Асылбек Шәменов егін шаруашылығын дамытуға байланысты бірнеше ұсынысын жеткізді. Яғни, минералдық тыңайтқыштар мен гербицидтердің құнын арзандату үшін мемлекеттен төленетін субсидияның көлемін 50 пайызға дейін көтеруге, көктемгі егінді сапалы және мерзімінде орналастыру үшін жеңілдетілген дизель жанармайын жеткізіп беруші операторлардың шаруашылықтарға төмендетілген бағада жеткізіп беру мәселесін қозғады. Сондай-ақ, бірқатар шаруа қожалық иелері мал басын көбейту, өңірде тыңайтқыш өндірісін қолға алу, субсидия беру тәртібіне қатысты ұсыныстарын жеткізді.

Жиынды қорытындылаған Гүлшара Әбдіқалықова аудан әкімі мен салалық басқарма басшыларына су лимитінің мөлшеріне қарай су жеткізу кестесін әзірлеу, егінге қажетті аяқ суды дұрыс пайдалану үшін арықтар мен каналдарды қазу, насос орнату жұмыстарын жеделдетуді тапсырды. Сонымен қатар, ұңғымаларды тарту бойынша жобалық-сметалық құжатты әзірлеуді, тұрақты эпизоотиялық ахуал қалыптастыру үшін төрт түлікті вакцинациялау жұмыстарын кешенді жүргізу тапсырылды.

Облыс әкімі Жалағаш ауданына жасаған жұмыс сапары аясында Қаракеткен ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, пікірлесті. Ауыл ақсақалдары аяқ су, ескірген электр желісін ауыстыру мен жаңа ауылдық клуб ғимаратын салуға көңіл бөлуді сұрады.

Тұрғындардың талап-тілегін тыңдаған аймақ басшысы ауылдық клубты жөндеу үшін қажетті құжаматталарды рәсімдеп, қаржы қарауға ықпал жасайтынын жеткізді. Ал, аяқ су мәселесін реттеуге септігін тигізетін ұңғыма қазу жұмыстары шешілетінін қаперге салды.

Гүлшара Әбдіқалықова: Көксарайға су жиналмай қалу қаупі бар

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: