Жексенбі, 16 маусым, 11:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№47-2057
15.06.2024
PDF мұрағаты

Халыққа сапалы әрі оңтайлы қызмет көрсету – департамент қызметінің басым бағыты

22.05.2024

202 0

Жаңғыру мен жаңаруға бет алған қоғамда мемлекеттік қызметке деген сұраныс талабы жыл сайын күшейіп келеді. Бұл ретте Президент бастамасымен кәсіби мемлекеттік аппарат құру және мемлекеттік қызмет аясын кеңейту жұмыстары өз деңгейінде жүргізіліп, тиімділігін таныта бастады. Әсіресе, әрбір қызметті оңтайлы әрі қолжетімді ету бағытында мемлекеттік қызметшілер табанды еңбек етуде.

Мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметтер уақыт ағымына сай трансформация кезенін өткеріп келеді. Себебі сан алуан қызметтер қоғам өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Мәселен, туу туралы куәлікті алудан бастап азаматтың қайтыс болғандығы туралы анықтаманы қамту мемлекетпен көрсетілетін қызметті ауқымды екенін айғақтай түседі. 
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңына сәйкес кез келген тұлға мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға және қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) белгіленген тәртіппен шағымдануға құқығы бар.

Бұл ретте департамент тарапынан азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуына ерекше басымдық беріледі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті облыс көлемінде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган болып саналғандықтан халыққа сапалы қолайлы жағдай жасау, қызмет көрсету процесстерін жетілдіру және қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бойынша жұмыстарды жүйелі түрде атқарып келеді. 

Биылдепартаментке мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша азаматтардың 30-ға жуық арыз-шағымы келіп түсті. Шағымдардың 90%-ыжер қатынастары және әлеуметтік қамсыздандыру салаларында көрсетілетін мемлекеттік қызметтергеқатыстыөрбіді. 

Арыздар қорытындысы бойынша 3 азаматтың шағымында көрсетілген дәлелдер расталып, құқықтары қайта қалпына келтірілді.

Мәселен, сәуір айында Қызылорда қаласының тұрғыны департаментке жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту фактісіне қатысты шағымтүсірген.

Аталған іс бойынша департамент тарапынан Қызылорда қаласы әкімі аппаратына, Қызылорда қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөліміне тексеру жұмыстары жүргізіліп, тексеру нәтижесінде Қызылорда қаласы әкімі аппаратымен қызмет алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас  тартылғаны анықталды.
Тексеру нәтижесімендепартамент тарапынан енгізілген ұсыным негізінде бұзушылықтарға жол бергені үшін Қызылорда қаласы әкімі аппаратының жауапты маманына тәртіптік жауапкершілік қаралып, қала тұрғыныныңөтініші қанаттағандырылып, бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

Өз кезегінде, шағымданушыға ғимарат құрылысы және оған қызмет көрсету үшін жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы жаңа мерзімге табысталды. 
Атап өту керек, мемлекеттік қызметтерді сапалы әрі мерзімінде көрсету нәтижесі қызмет алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуы – мемлекеттік аппараттың тиімділігін бағалаудың негізгі шарты.

Қоғаммен ашық қарым-қатынас орнату және шағымдарды дереу анықтау мақсатында биыл барлық өңірлерде мемлекеттік қызметтерді алу саласындағы мәселелерді жедел шешуге және қызмет алушылардың құқытары мен заңды мүдделерінің бұзылуына жол бермеу үшін QR-кодтары көрсетілгенTelegram арнасы іске қосылды. 
Жаңа арна арқылы азаматтар қандай да бір қызметті алу кезінде туындаған проблемалары бойынша шағымдарын ашық жолдай алады.  Осылайша, қызмет алушылардың құқықтарын қорғау аясында Департамент мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын тиісті бақылауға жол ашады. 

Біз әрдайым мемлекет мүддесіне сай мемлекеттік қызметтерді көрсету барысындағы жеке және заңды тұлғалардың құқықтарының сақталуына ерекше басымдық береміз. Алдағы уақытта да бұл мәселелер департаменттің жіті бақылауында болады.

Нұржан Сүлейменов, 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: