Қызылорда облысы әкімінің орынбасарымен Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының табиғи ошақтарыда 2023 жылы күзгі эпидмаусымда жүргізілетін залалсыздандыру жұмыстарының кестесі бекітілді.
Аса қауіпті Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының алдын алудың бір жолы – кенеге қарсы улау жұмыстары. Ағымдағы жылдың 16 тамызынан Арал ауданынан бастап барлық 106 қолайсыз елді мекенде 2 кезеңмен жүргізіледі. Кенеге қарсы дәрілеу жұмыстары қазан айына дейін жалғасады.
Осы шаралардың тиімділігін арттыру үшін тұрғындардың назарына аула тазалықтарын қатаң сақтауды және қолайсыз елді мекендерде жүргізілген өңдеу жұмыстары барысында мал бастары мен қора, аулалардың толық дәріленуіне үй иелері тарапынан қатаң бақылау орнатылуы қажеттігін еске саламыз. Ауа-райының күрт өзгеруі туындаған жағдайда залалсыздандыру кестесіне өзгерістер енгізілуі мүмкін.
Сонымен қатар кене шағу фактілері орын алған жағдайда жедел медициналық көмекке жүгіну қажет. Ауру ерте анықталып, уақытылы ем тағайындалған жағдайда, науқас толыққанды сауығып шығады.
Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!